Әдістемелік күн 53 мектеп

Нұр-Сұлтан қаласының Білім беруді жаңғырту орталығының әдіскерлері №53 мектеп-лицейінде көркем еңбек, бастауыш сынып, физика, информатика, қазақ тілі мен әдебиеті, өзін-өзі тану, ағылшын тілі, дене шынықтыру пәндері және қосымша білім беру педагогтеріне әдістемелік күн ұйымдастырды.

Әдістемелік күнді өткізудегі басты мақсаты аттестаттаудан өтетін педагогтердің сабақтарына  қатысып, бақылау парақтарын беру.  Әдістемелік күнді орта және мектепке дейінгі  білім беру бөлімінің басшысы Есематова Акбота Бакытовна ашты. Әдістемелік күн барысында мектеп- лицей педагогтеріне пән бойынша сабақтарына Назарбаева А.А., Мырзагулова Г.Б., Амирова А.Б., Маманова Ж.С., Сейталиева А.А., Даримбетов Ж.Н., Садыкова Н.Г. әдіскерлері қатысып, бақылау жүргізген әріптестердің туындаған сауалдарына жауап берді. Әдістемелік күн соңында іс-шара қорытындыланып, педагогтердің сабақтарына кері байланыс жасалды.

Leave a Reply