Әдістемелік кеңес сағаты

Қазақстан Республикасының техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың қазіргі кезеңі цифрландыру және білім алушылардың кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыруды анықтайтын, тұлғалық және кәсіби дамуын қамтамасыз ететін жаңа ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізу жағдайында өтуде.

Студенттердің үздіксіз білім алуын, топпен бірге жұмыс істеуін, өзіндік қисынды ойлау қабілетін, жалпы даму траекториясын таңдау қабілетін қалыптастыру міндеттерін жүзеге асыратын педагог, ең алдымен, өзі сол тиісті тұлғалық және кәсіби қасиеттерге ие болуы керек.

Әдістемелік жұмыстың тиімділігін арттыруға көмектесетін әдістемелік оқытудың ең маңызды ұжымдық түрі әдістемелік семинар болып табылады.

2022 жылдың 20 қыркүйегінде Білім беруді жаңғырту орталығы ТжКБ бөлімінің әдіскерлері Исина Н.С., Сейдахметова Б.Қ. және ТжКББ педагогтері Бірлестігінің көшбасшылары Мылтықбаева Ж.Т., Есенбекова А.Е. «Әдістемелік кеңес сағаты» жобасы аясында Д.Қонаев атындағы колледж оқытушыларының педагогикалық құзіреттіліктерін арттыру мақсатында семинар-тренинг өткізді.

Семинар барысында колледж оқытушылары академиялық дербестікпен оқу үдерісін жоспарлау және ұйымдастыру, кредиттік-модульдік технологияны жетілдіру, аттестациядан өту үрдісі бойынша сұрақтар қойып, тыңғылықты жауап ала алды.

 «Педагогтің әдістемелік жұмысының тиімді формалары» тақырыбында өткізілген педагогикалық тренинг колледж ұжымының бірлесе жұмыс атқара отырып, колледждегі әдістемелік жұмыстың негізгі бағыттарының орындалу деңгейін өздері анықтауларына ықпал етті.

Әдістемелік семинар-тренингке қатысушылар кәсіби деңгейде ұйымдастырылған танымдық, нәтижелі семинар үшін ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.

Жауап беру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.