«Әлеуметтік педагогтің кәсіби қызметінің мәні (құзыреттілік-заңдық, құқықтық қорғау тәсілдері)» атты оқыту семинары

Нұр-Сұлтан қаласының білім беруді жаңғырту орталығы 25 қазанда №77 мектеп-гимназиясында әлеуметтік педагогтерге арналған «Әлеуметтік педагогтің кәсіби қызметінің мәні (құзыреттілік-заңдық, құқықтық қорғау тәсілдері)» тақырыбында офлайн форматта оқыту семинарын өткізді.

Семинардың мақсаты – білім беру мекемелерінде әлеуметтік педагогтің әдістемелік шеберлік деңгейін арттыру.

Семинарда Қазақ ұлттық өнер университетінің оқытушысы, философия ғылымдарының кандидаты Хасанғалиева Токжан Ескендірқызы, адам құқықтары және заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстандық халықаралық бюро ұйымының әлеуметтік педагог Лысенко Ангелина Анатольевна өз жұмыстарымен алмасу бойынша баяндама жасады.

Семинардың практикалық бөлімінде Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейінің әлеуметтік педагог Құлжанова Жәмила Қалдыбайқызы «Мектептегі әлеуметтік педагог жұмысының ерекшеліктері» тақырыбында сөз сөйледі. Семинар барысында қатысушыларға «Ақпараттық технологияларды дамытудың жаңа жағдайындағы әлеуметтік педагогтың отбасымен жұмыс алгоритмі» тақырыбында Гафу Қайырбеков атындағы №2 мектеп-гимназиясының әлеуметтік педагогі Абдульманова Бикон Амангельдіқызы шебер-сынып өткізді. №59 мектеп-лицейінің психологы Серікова Әсия Мақсұтқызы семинарға қатысушыларға психологиялық тренинг өткізді.

Қарағанды облысының «Сарыарқа Дарыны» РҒПО әдіскері Татьяна Витальевна Любчанская орталықтың қызметі туралы айтып, әлеуметтік педагогтардың озық жұмыс тәжірибесімен бөлісті. Зертхананың негізгі мақсаты: әлеуметтік-психологиялық қызметтердің бірізділігін қалыптастыру жолымен Қарағанды облысының білім беру ұйымдарында оқушылардың әлеуметтенуін, әлеуметтік-психологиялық сүйемелдеуді жүйелеу. Орталықта әлеуметтік педагог жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды, ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды, аз қамтылған, көп балалы отбасылардан, қолайсыз отбасылардан шыққан балаларды, мүгедек балаларды, девиантты мінез-құлықпен оқитын балаларды, бала кезінен мүгедектерді патронат, тұрғын үймен, жәрдемақылармен, зейнетақылармен, мүліктік және мүліктік емес құқықтармен қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты үйлестіреді.

Семинар қорытындысы бойынша әлеуметтік педагогтерге мекемеаралық қызметтермен өзара әрекеттесу ұсынылды. Қатысушылар оларға сұрақтар қойып, өз тәжірибелерімен бөлісті, қойылған сұрақтарды талқылады, семинарды ұйымдастырушыларға қызықты және танымдық семинар үшін алғыс білдірді және осылайша семинардың қызықты және танымдық өтуіне өз үлестерін қосты. Педагогтер одан әрі ынтымақтастық үшін мамандармен байланыс телефондарымен алмасты.

Leave a Reply