Әлихан Бөкейхан атындағы №76 мектеп-лицейінің «Көркем еңбек» пәнін оқытуда гендерлік ерекшілігіне қарай топтастыруды болдырмау» атты эксперименттік алаңының жұмыс тәжірибесімен бөлісу семинары

2021 жылғы 17 қарашада Ә.Бөкейхан атындағы №76 мектеп-лицейінде «Көркем еңбек» пәнін оқытуда гендерлік ерекшілігіне қарай топтастыруды болдырмау» атты эксперименттік алаңының жұмыс тәжірибесімен бөлісу  бойынша семинар өткізілді.

Семинар жұмысына №№ 2, 27, 35, 37, 50, 53, 56, 58, 59, 60, 62, 65, 66, 67, 68, 70, 72, 73, 74, 77 мектептерден 30-дан астам «Көркем еңбек»  пәнінің мұғалімдері қатысты.

Ә. Бөкейхан атындағы №76 мектеп-лицейінің мұғалімдері алты оқу шеберханасынан тұратын «Fablab» зертханасында оқытуды ұйымдастыру процесінің технологиясымен бөлісті:

1) шеберлік аймағы;

2) АРТ-аймақ;

3) Техникалық аймақ;

4) Дизайн және модельдеу;

5) STEM;

6) Шаңырақ.

Семинардың екінші бөлімі Workshop ретінде «Fablab» зертханасындағы  №76 мектеп-лицейі оқушыларының жетістіктерімен бөлісу бойынша диалог алаңына айналды.

Семинар барысында қатысушылар сұрақтар қойып, қаланың басқа мектептерінде осындай зертханаларды ұйымдастыру мәселесі бойынша кері байланыс берді.

Сондай-ақ, еңбек сабақтарын әдістемелік қамтамасыз ету және оқу шеберханаларының материалдық-техникалық базасын жабдықтау сұрақтары да талқыланды.

Leave a Reply