«Өзін-өзі тану «адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасын оқу-тәрбие процесіне интеграциялау»

2021 жылғы қаңтардан бастап ҚР БҒМ бұйрығымен  Нұр-Сұлтан қаласының бес білім беру ұйымы «Өзін-өзі тану «адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасын оқу-тәрбие процесіне интеграциялау» жобасын іске асыру ойынша  пилоттық ұйым ретінде айқындалды.

Білім беруді жаңғырту орталығымен пилоттық жобаны іске асыруда әдістемелік көмек көрсету мақсатында 2021 жылғы 04 қарашада жоғарыда аталған ұйымдардың біріне, атап айтқанда, Нұр – Сұлтан қаласының №14 балабақшасының педагогтарына арналған оқыту семинары өткізілді.

Білім беруді жаңғырту орталығының әдіскері А.А. Назарбаева осы жобаның мақсаты туралы, жобаны іске асыру адамның рухани табиғатына бағытталған жалпыадамзаттық құндылықтарға негізделген білім беру процесінің бірыңғай ұйымын құруға бағытталғанын айтты. 

«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік бадарламасын іске асыру бойынша  тренері Т .М. Столярова  «Өзін-өзі тану»   бағдарламасына тоқталып, бағдарламаның мәнін толық атап өтті. Нұр-Сұлтан қаласы №9 балабақшасының әдіскері И. А.  Козырь. негізгі ұйым ретінде «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасын оқу-тәрбие үрдісіне интеграциялау»  жобасын іске асыру бойынша жұмыс тәжірибесімен бөлісті.

Leave a Reply