«Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру…

2022 жылдың 19-20 сәуірінде № 59 МЛ, №22 МГ базаларында оқыту және тәрбиелеу жүйесінің рухани-адамгершілік мазмұнын күшейту бойынша әдістемелік көмек көрсету мақсатында Нұр-Сұлтан қ. мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беру педагогтері үшін «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру негізінде білім беру ұйымдарының қызметіне ғылыми-зерттеу жұмысын енгізу» тақырыбында  семинарлар өтті.

Семинар барысында Адамның үйлесімді дамуы ұлттық институтының бас ғылыми қызметкері, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Рысбаева А.Қ. және  ғылыми – әдістемелік бөлімінің бастығы, педагогика ғылымдарының кандидаты Омарова Ғ. Б. педагогтың жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде ғылыми-зерттеу жұмыстарына дайындығы туралы сөз сөйледі; Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА орта білім беру институты директорының орынбасары, педагогика ғылымдарының кандидаты Дүйсебек Ә.Т.; Л. Гумилев атындағы ЕҰУ профессоры, педагогика ғылымдарының кандидаты Жұмабекова Ф. Н. мектепке дейінгі білім беру педагогтарының ҒЗЖ ерекшеліктері туралы айта шықты. Сондай-ақ, базалық білім беру ұйымдарының педагогтері (Нұрланова Б.С., Қабажаева С. К., Собищанская Д. Э., Хачатрян Л. А., Құндебекова Г. С., Даулетбаева Г.К.) ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыруда, жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар идеяларын тұтас педагогикалық процеске енгізуде өз тәжірибелерін көрсетті. Іс-шара қорытындысы бойынша әдістемелік ұсынымдар берілді.

Жауап беру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.