Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы

2022 жылғы 1-11 ақпан аралығында Нұр-Сұлтан қаласының білім беру ұйымдарында «Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» онкүндігі өтті.  Онкүндіктің мақсаты – балалар мен жастарды рухани-адамгершілік тәрбиелеу жүйесін дамыту, оқушыларды адами құндылықтар әлеміне тарту. Онкүндік аясында педагогикалық ұжым мен оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, оларды адамгершілік-рухани құндылықтарға тартуға бағытталған қызықты және танымдық іс-шаралар өткізілді. Жалпы психологиялық атмосфера мейірімді, жағымды болды. Білім беру ұйымдарында ойындар мен акцияларға тек оқушылар ғана емес, педагогтар, ата-аналар, сондай-ақ барлық мектеп қызметкерлері қатысты. Әр күн ойлау үшін белгілі бір ақпаратты алып жүрді.

Жауап беру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.