Өзін-өзі тану сабақтарында жобалық қызмет

2021 жылдың 22 қазанында Нұр-Сұлтан қ. Білім беруді жаңғырту орталығы «Өзін-өзі тану сабақтарында жобалық қызмет» тақырыбында өзін-өзі тану пәні мұғалімдеріне арналған аймақтық вебинар өткізді.  Аталған іс-шараға спикер ретінде Павлодар қаласы мен Павлодар облысынан өзін-өзі тану педагогтары шақырылды.

Павлодар облысы өзін – өзі тану мұғалімдері қауымдастығының төрағасы, өзін-өзі тану мұғалімі Л.В. Иваненко жобалық қызмет-жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде тәрбие мен оқыту жүйесін ұйымдастырудың қажетті құрамдас бөлігі екенін атап өтті. Л.М. Логвинова, Н.М. Дукеева өзін-өзі тану сабақтарында жобалық қызмет тәжірибесімен бөлісті.

         Сондай-ақ, Нұр-Сұлтан қаласы өзін-өзі тану мұғалімдері қауымдастығының төрайымы А.К. Джанузакова: «Мұғалімнің міндеті – оқушылардың оң мотивациялық көңіл-күйін қалыптастыру және ұсынылған тақырып негізінде түпкілікті нәтижені анықтауға, міндеттерді тұжырымдауға, іс-қимыл жоспарын әзірлеуге, бірлескен қызмет тәсілдерін келісуге көмектесу»,- деген сөздерді ата өтіп. Нұр-Сұлтан қаласында өзін-өзі тану сабақтарында жобалық қызметі қалай жүзеге асырылатыны туралы айта шықты.

         Семинар қорытындысында жобалық қызметті орындау бойынша ұсыныстар берілді, қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.

Leave a Reply