«Педагогтің тілдік тұлғасы» вебинары

Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты Қазақстандағы ғана емес, бүкіл әлемдегі қазақ тілін ғылыми тұрғыда іргелі және қолданбалы бағдарламалар аясында зерттеумен, қазақ тіл білімі және түркітанудың мәселелерімен айналысатын, мемлекеттік тілдің ғылыми-лингвистикалық базасын әзірлеп, жетілдіріп отыратын бірден-бір ғылыми-тілтанымдық орталық екенін,  қазақ тілінің қарашаңырағы екенін барлығымыз білеміз.  

Осы қарашаңырақтың директоры филология  ғылымының кандидаты Фазылжан Анар Мұратқызымен 2022 жылдың 4 ақпан күні Білім беруді жаңғырту орталығының әдіскері Жанар Сейтахметқызының ұйымдастыруымен «Педагогтің тілдік тұлғасы» вебинары өтті. Анар Фазылжан педагогтің тілдік тұлғасы, тіл  мәселесі жайлы әңгіме өрбіте келе, қала мектептерінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерін  толғандырып жүрген  сұрақтарына жауап берді.

Жауап беру