«Абайдың “Адам болу” тағылымы» тақырыбында онлайн семинар

2022 жылдың 21 мамыр күні Әлкей Марғұлан атындағы    № 40 мектеп-лицейінде  «Абайдың “Адам болу” тағылымы» тақырыбында онлайн семинар өткізілді.

№ 40 мектеп-лицейі ұжымы «Абай кіші академиясы» жобасы аясында екінші жыл Абай  тағылымы  арқылы мәдени-рухани даму бағыты бойынша «Абайдың “Адам болу” тағылымы» жобасы жүзеге асырылуда.

Семинар барысында 2020-2021 оқу жылында Абайдың «адам болу» тағылымы жобасының басқа пән бірлестіктерінде қалай жүргізілгендігі туралы математика пәні мұғалімі Фазылова Гүлнар Зауытбекқызы айтып өтсе, мектептегі ата-анамен жұмыс бойынша қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі Серікмұратова Қуанышкүл Ерназарқызы таныстырып өтті.

Абай тағылымы жан-жақты дамыған тұлға қалыптасуына түрткі жасай алады. Бәріміздің басты мақсатымыз оқушының өзін-өзі, бір-бірін тәрбиелеуіне ықпал ету. Сынып сағаттарында  тәрбие бағыты бойынша  жүргізген жұмыстар бойынша  қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі Оспанова Базаркүл Коноровна тоқталып, мектептегі тәрбие бағыты бойынша таныстырып шықты. Бұл жобамыз Бином мектебінде де жалғасып жатыр. Былтырғы жылы осы мектепте жұмыс жасаған Садуақасова Гүлжазира Резедденқызы Абай қарасөздерін өз тәжірибесінде, Бином мектебінде  қалай жүргізіп жатқанымен бөлісті.

Семинардың практикалық бөлімін қазақ тілі мен әдебиет мұғалімдері Дюсенова Сауле Зариповна мен Тасбулатова Айнагүл Төлегенқызы жүргізді. Олар «Бүгінгі күннің оқушыларына Абайдың қарасөздерін қандай тәсілдермен меңгерткен дұрыс?» деген сауал тастай отырып, ұстаздардың іс-тәжірибесін ортаға салды. Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері  мектептегі әр бірлестікке бөлініп, 45 қарасөзді оқып, талдауға бірігіп жұмыс жасады.

«Абайдың «адам болу» тағылымы» жобасы жұмысының бағыттары бойынша өз тәжірибелерімен бөлісті:

  1.  «Абай – ғаламдық тұлға».  Сауалнама жүргізілді.
  2.  «Адамзаттың Абайы». Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің бірлескен жоспары жасалды.
  3. «Абай шығармашылығы – ұрпақ тәрбиесіндегі темірқазық»  тақырыпта координаторлар әр бірлестіктермен отырыстар (4 отырыс) ұйымдастырылды.
  1. «Адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады …» деген тақырыпта әр бірлестік ақын қарасөздерін жан-жақты талданып, есебі берілді.
  2. Әр бірлестік қарасөздерді сабақтарына кіріктіре отырып, бейнебаян жасады.

 Бейнебаян   (7-8 минуттық) дайындау. Бірлестіктен бір бейнебаян жасалды. Ол бейнебаянда ақынның қарасөздерін өмірде қалай қолданып жүргендеріне тоқталды.

  1. «Ақырын жүріп, анық бас, еңбегің кетпес далаға» әр бірлестік берілген қарасөздер бойынша өз жұмыстарын, презентацияларын қорғады.
  1.  «Абай мұрасының тәрбиелік мәні, тағлымдық бағыт-бағдары» әр бірлестіктен үш пән мұғалімі қатысқан дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
  2. Әрбір бірлестік үш мақала мен эссе жазды.
  3. Өнім шығарып, қорғау. Әр бірлестік жадынама, көмекші құралдар, «Абайтану» пәні бойынша  курс жоспарларын ұйымдастырды.
  4. Бірлестіктердің барлық жұмыстары мектеп сайтына және «Марғұлан журналы» мектеп журналына, мектептің Youtube каналына жарияланды.

Жауап беру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.