АБАЙТАНУ ПӘНІН ОҚЫТУДЫҢ ЖОЛДАРЫ МЕН ӘДІСТЕМЕСІ

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің «Білім беру ұйымдарында эксперимент режимінде іске асырылатын білім беру бағдарламаларын әзірлеу, сынақтан өткізу және енгізу қағидаларын бекіту туралы» 2015 жылғы 27 наурыздағы № 139 бұйрығы негізінде  Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасының «2022-2023 оқу жылында Нұр-Сұлтан қаласының білім беру ұйымдарында эксперименттік алаңдар жұмысын ашу туралы» 5.09.2022 ж.   №704 бұйрығына сай «Абайтануды» пәнін эксперимент режимінде іске асырылатын әзірленген білім беру бағдарламасын сынақтан өткізу бойынша  №4 Ж. Жабаев атындағы мектеп-гимназиясының, №86 М. Әуезов атындағы мектеп-гимназиясының, І. Жансүгіров атындағы №58 мектеп-гимназиясының, №77 мектеп-гимназиясының 1-4 сыныптарына ендірілуде.

2022 жылдың 16 қыркүйек күні Абай Құнанбайұлы атындағы №87 мектеп-гимназиясында «Абайтану пәнін оқытудың жолдары мен әдістемесі» тақырыбында оқыту семинары өтті. 1-4 сынып оқушыларына эксперименттік алаң ретінде ендірілген «Абайтану» пәні бойынша семинарды аталған мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері жүргізді. Семинарда абайтанушы Габдуллина Алмахан Мухамедқалиқызы және БЖО әдіскері Жанар Сейтахметқызы  1-4 сыныптарға «Абайтану» пәні бағдарламасының құрылымы, ерекшелігі және оны жүзеге асыру жолдары туралы жалпы мағлұмат берсе,  Жалелов Даулет Серікұлы, Тналина Меруерт Темірханқызы, Ихсан Данияр, Таңатар Ақбота Сайынқызы, Мусаева Жамила Серікқызы «Абайтану» пәнін бастауыш сыныпта оқытудың әдістемесі бойынша өз тәжірибелерімен бөлісті.

Аталмыш іс-шараға Жамбыл Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназияның, І. Жансүгіров атындағы №58 мектеп-гимназияның, М. Әуезов атындағы №58 мектеп-гимназияның, №77  мектеп-гимназияның «Абайтану» пәнінен сабақ беретін бастауыш сынып мұғалімдері қатысты. Әр сабақтың соңында кері байланыс орнап, сұрақ-жауап форматында талқылаулар өтті.

Жауап беру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.