«Академиялық ұтқырлық» жобасы аясында «TALENT! MUSIC! CHILDREN!» байқауы

Білім беруді жаңғырту орталығы, Нұр – Сұлтан қаласының №1 Балалар өнер мектебі, Өскемен қаласының №1 Балалар музыка мектебі 2022 жылдың 31 наурыз – 30 мамыр аралығында «Академиялық ұтқырлық» жобасы аясында «Talent! Music! Children!» қосымша білім беру ұйымдарының білім алушылары арасында өткізілді.

Байқаудың мақсаты-білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін жағдай жасау, үйлесімді тұлғаны тәрбиелеу және одан әрі дамыту бойынша жүйелі және мақсатты қызмет, рухани-адамгершілік және мәдени құндылықтарға тарту.

«Talent! Music! Children!» қазылар алқасы үш жас санаты бойынша жеңімпаздарды анықтады: 7 – ден 9 жасқа дейін, 10-нан 12 жасқа дейін, 13-тен 16 жасқа дейін келесі  номинациялары бойынша  жеңімпаздарды марапаттады: «Қазақ халық аспаптары» -14 қатысушы, «Ішекті аспаптар» -10 «Фортепиано» – 20 қатысушы, «Орыс халық аспаптары» -6 қатысушы,  «Үрмелі, халық аспаптары» -6 қатысушы.  Байқауға барлығы 120-дан астам өтінім түсіп қатысушы қатысты.

Қазылар алқасының пікірінше, байқауға қатысушылар өздерінің музыкалық қабілеттерін, музыкалық шығарманың көркемдік бейнесін түсіндіруде өзіндік ерекшелігін, қиялын көрсете білді, авторлық ой мен стильдік дәстүрлерді жеткізе алды.

Барлық қатысушылар орындаушылық шеберліктің, аспапты меңгерудің жоғары деңгейін көрсетті. Барлықтарыңызға шығармашылық даму, табыс және жаңа жеңістер тілейміз!

Жауап беру