«ALTYN URPAQ» жобасы аясындағы «Қазақ биінің ұлттық – эстетикалық тәрбие берудегі рөлі» қалалық шебер – сыныбы

2021 жылғы 18 қараша күні Нұр-Сұлтан қаласының Білім беруді жаңғырту орталығы МКҚК, Балалар музыка мектебі МКҚК, №62 мектеп – лицейінің ұйымдастыруымен  «Қазақ биінің ұлттық – эстетикалық тәрбие берудегі рөлі» тақырыбында «ALTYN URPAQ»    жобасы аясында «Қазақ биі»  бағытындағы педагогтерге қалалық шебер – сыныптары өткізілді.

         Мақсаты:  білім мен дағдыларды бекіту, теориялық-практикалық тәжірибе алмасу, көркемдік – шеберлікті көрсету.

Іс-шараға Қазақ ұлттық хореография академиясының тәрбие жұмысы бойынша директоры, профессоры, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Алишева Алила Турсумбаевна қатысты.

Шебер – сыныптарбарысында № 1 Балалар музыка мектебінің директоры  Кыдырманов Болат Сапабекович озық іс – тәжірибесімен бөлісіп, жалпы орта білім беру ұйымдарындағы «Қазақ биі» сабағын жүргізудегі  ең өзекті мәселелеріне тоқталды.

Тақырыптар:

  • «Халық биі сабағын құру әдістемесі» – Кыдырманов Болат Сапабекович, Нұр-Сұлтан қаласының №1 Балалар музыка мектебінің директоры, педагогі,  хореограф;
  • «Қосымша білім беру арқылы балалардың шығармашылығын дамыту» – Хасенова Бахыт Мурадиновна, Нұр-Сұлтан қаласы №62 мектеп – лицейінің тәрбие жұмысы бойынша директорының орынбасары;
  • «Қазақ биіндегі қол қимылдарының орындау әдісі» – Секербек Багдина Мейрамовна, Нұр-Сұлтан қаласының №1 Балалар музыка мектебінің педагогі, хореограф;
  • «Қосымша қалыптар» – Жакеева Айжан Жаксылыковна, Нұр-Сұлтан қаласының №64 мектеп – лицейінің педагогі, хореограф;
  • «Қазақ биіндегі ерекше қол қалыптарын би қойылымдарында қолдану» – Рамазан Жазира, Нұр-Сұлтан қаласының №2 Өнер мектебінің педагогі, хореограф;
  • «Би өнері – оқушылардың эстетикалық тәрбиесінің құрамдас бөлігі» – Шалабаева Салтанат Кантайбековна, Нұр-Сұлтан қаласының экономикалық лицейінің педагогі, хореограф.

Іс-шарабарысында қатысушылар спикерлерге сұрақтар қойып, оларды қызықтырған тақырыптарды талқылап, соңында қорытынды жасады.

Leave a Reply