Арт-терапия арқылы…

Нұр-Сұлтан қаласы Білім беруді жаңғырту орталығының ұйымдастыруымен 2022 жылғы 29 сәуір күні №45 «Самұрық»  балабақшасында «Арт-терапия арқылы қарым – қатынас дағдыларын дамыту және мектеп жасына дейінгі балаларды сәтті әлеуметтендіру» тақырыбында қалалық  семинар өтті.

  Мақсаты:  балалардың үйлесімді дамып, жетілуіне  ықпал ете отырып, әлеуметтік ортаға бейімдеу, педагогтерге әдістемелік қолдау көрсету, кәсіби құзыреттіліктерін арттыру.   Семинарға қатысушылар – елордалық мектепке дейінгі ұйым меңгерушілері мен педагогтері.

Семинар ерекше форматта балабақша ауласында ұйымдастырылды. Іс-шарада «Мен және менің тобым» тақырыбында балалардың ата-аналарымен жасаған қол өнер көрмесімен таныстырды. Ән шашумен ашылды.

«Алпамыс» мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі Эльмира Таурбаева «Менің әдемі әлемім» тақырыбында ұйымдастырылған оқу қызметін өткізді.

«Сарыарқа» мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі  Ләззат Кулжабаева  «Төрт ханшайым»  атты ұйымдастырылған оқу қызметін интеллектуалды ойын түрінде табиғат аясында көрсетті.

Бейнелеу терапиясы маманы Ерлан Исаев «Ерке сылқым» мектепалды даярлық тобымен   «Сиқырлы бояулар» тақырыбында ұйымдастырылған оқу қызметін өткізді.

Ұйымдастырылған оқу қызметі барысында В.Воскобович технологиясы элементтері, ТРИЗ технологиясы элементтері, сын тұрғысынан ойлауды дамыту мақсатында «Блум текшесі» әдісі, «Геоконт», «Бизиборд» ойындары, кинезиологиялық жолдары  пайдаланылды.

 Семинарға қатысушылар музыка терапиясы, сазбалшық терапиясы, дене бағыт және би-қозғалыс терапиялары бойынша ұйымдастырылған шебер-сыныптарға қатысып, арт-терапия әдістерін пайдалану және оларды практикада қолдану тәжірибесімен танысты.

Семинарда «Сиқырлы сазбалшық»,  «Арт-терапия» жаттығуларын пайдалана  отырып, энергияны босату» шебер сыныптары көрсетілді.

        Семинар соңында рефлексия жүргізілді, педагогтер кері байланыс беріп, ой-пікірлерімен бөлісті.

Жауап беру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.