«АТА МҰРА» қалалық шығармашылық байқауы «SIQYRLY QYLQALAM» бейнелеу өнері номинациясы

2022 жылғы 13 сәуір күні Білім беруді жаңғырту орталығы, Балалар көркемсурет мектебінің ұйымдастыруымен Әл-Фараби атындағы оқушылар сарайында «АТА МҰРА» қалалық шығармашылық байқауының «SIQYRLY QYLQALAM» бейнелеу өнері номинациясы бойынша қатысушыларын марапаттау рәсімі өтті.

Мақсаты –  білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, тұлға тәрбиелеу және одан әрі дамыту, жүйелі және мақсатты қызмет, рухани-адамгершілік және мәдени құндылықтарға тарту.

Байқауға Нұр-Сұлтан қаласының жалпы орта, қосымша білім беру ұйымдарынан 37 өтінім келіп түсті.

         «SIQYRLY QYLQALAM» бейнелеу өнері байқауының қорытындысы бойынша қазылар алқасы қатысушыларды бағалы сыйлықтар мен «Ерекше шеберлігі үшін» номинациясы бойынша дипломдарымен марапаттау туралы шешім қабылдады:

  • 1 орын – Ященко Александра, жетекшісі Кожантаев Туленди Шакибаевич, №1 өнер мектебі (принтер);
  • 2 орын – Қадырова Дана, жетекшісі Куанов Руслан Әлиғажыұлы, №2 өнер мектебі (бумбокс);
  • 3 орын – Шалаев Дамир, жетекшісі  Ижанов Баубек Байқоңырұлы, №60 мектеп-лицей (акустикалық жүйе).

«Ерекше шеберлігі үшін» номинациясы бойынша:

  • Мұхтар Аружан, жетекшісі Кульмаганбетова Гульнара Кабжановна, №40 мектеп-лицей;
  • Сейіт Зумрат, жетекшісі Булатова Лейла Бергеновна, Балалар көркемсурет мектебі;
  • Қайркен Гульдана, жетекшісі Исафина Айгерім Бекболатқызы, «BINOM TANYM» мектеп-лицей;

Оспанова Альнура, жетекшісі Тунгишбаева Жанар Бауржановна, №71 мектеп-лицей.

Жауап беру