«АТА МҰРА» қалалық шығармашылық байқауы «BILE, JASTYQ!» хореография номинациясы

2022 жылғы 13 сәуір күні Білім беруді жаңғырту орталығы, Балалар көркемсурет мектебінің ұйымдастыруымен Әл-Фараби атындағы оқушылар сарайында «АТА МҰРА» қалалық шығармашылық байқауының «BILE, JASTYQ!» хореография номинациясы бойынша қатысушыларын марапаттау рәсімі өтті.

Мақсаты –  білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, тұлға тәрбиелеу және одан әрі дамыту, жүйелі және мақсатты қызмет, рухани-адамгершілік және мәдени құндылықтарға тарту.

Байқауға Нұр-Сұлтан қаласының жалпы орта,  қосымша білім беру ұйымдарынан  9 хореографиялық ұжымынан байқау материалдары мен өтінімдері түсті.

«BILE, JASTYQ!» хореография байқауының қорытындысы бойынша қазылар алқасы қатысушыларды бағалы сыйлықтар мен «Бидің ұлттық дәстүрін сақтағаны және дамытқаны үшін» номинациясы бойынша дипломымен марапаттау туралы шешім қабылдады:

  • 1 орын – «Алтынай» халық би ансамблі, жетекшісі Малышева Ольга Ивановна, №53 мектеп-лицей; (принтер);
  • 2 орын- «СЕЗІМ-АЙ» би ансамблі, жетекшісі Безбородова Елена Владимировна, №1 өнер мектебі (бумбокс);
  • 3 орын – «Ару» би ансамблі, жетекшісі Секербек Багдина Мейрамовна, №1 балалар музыка мектебі (акустикалық жүйе).

«Бидің ұлттық дәстүрін сақтағаны және дамытқаны үшін» номинациясы бойынша:

  •  «Гульшашу» би ансамблі, жетекшісі Мошанова Алия Омархановна, №59 мектеп-лицей.

Жауап беру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.