«Ахмет Байтұрсынұлы – ғасыр саңлағы» іс-шарасы

5 Қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күні мерекесіне және Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған

2022 жылдың 5 Қыркүйек күні Алаштың арда азаматы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №48 мектеп-лицейінде ақынның 150 жылдық мерейтойына арналған жас мамандарға арналған қалалық іс-шара болып өтті.

Келген жас мамандар мектепте ашылған Ахмет Байтұрсынұлының мұражайына саяхат жасап, тарих пәнінің мұғалімі Сапарғали Әлиханның таныстыруы арқылы бір басында сан-салалы өнер тоғысқан телегей-теңіз білім иесі, қалың елін жарқын болашаққа жетелеу жолында еңбек сіңірген, туған халқының бостандығы жолында құрбан болған қайраткердің өшпес өнегелі жолдарымен танысып, мол мағлұматтар алды.

         Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Ильясова Лаззат Бақтыбайқызы мен Капшаева Гүлшат Аблашқызы жүргізген  «Мұғалім – мектептің жаны» тақырыбында өткен коучингте жас мұғалімдер А. Байтұрсынұлының шығармалары мен өлеңдеріне талдау жасап, әдістермен алмасып, іс-тәжірибелерімен бөлісті.

         Іс-шара мектеп көркемөнерпаздарының ұйымдастыруымен қойылған әдеби сазды  бағдарламамен жалғасты.

Кеш соңында №70 мектеп-лицейінің музыка пәні мұғалімі Қанат Едресовтің әуеніне  жазылған,  №49 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні  мұғалімі Тоба Өтепбаевтың сөзіне жазылған  «Ұлтының ұлы ұстазы» атты туындысын Алмат Жаңбырбайұлы орындады.

Жауап беру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.