Ахмет және ұлттық болмыс

2022 жылдың 19 қыркүйек күні Білім беруді жаңғырту орталығы мен А. Байтұрсынұлы атындағы BINOM school мектеп-лицейі бірлесе ұйымдастыруымен  ұлт ұстазы, ғұлама ғалым, ағартушы ақын, әліпби негізін қалаушы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған республикалық «Ахмет және ұлттық болмыс» атты танымдық-шығармашылық фестивальдің ашылу салтанаты өтті.

Фестивальдің ашылу салтанатына сенат депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің мүшесі Алтынбек Нухулы, танымал ақын, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Несіпбек Айтұлы, белгілі ақын, сценарист Ұларбек Нұрғалымұлы қатысып, сөз сөйледі.

Республикалық «Ахмет және ұлттық болмыс» атты танымдық-шығармашылық фестиваль бір ай көлемінде жүргізіледі. Фестиваль келесі кезеңдерден тұрады:

  • «Ахмет жаққан шамшырақ»  атты республикалық  драматургиялық қойылым байқауы (оқушылар арасында);
  • «Даналық ойдан дән ізде»  атты Ахмет Байтұрсынұлының  шығармаларын насихаттауға  бағытталған әлеуметтік  желілерде шақыру тастау (челлендж),  (ата-аналар арасында байқау);
  • А. Байтұрсынұлы мұраларының заманауи  білім берудегі орны мен  маңызы» атты  республикалық ғылыми-тәжірибелік  конференция.

Барлықтарыңызды осы фестивальға белсенді қатысуға шақырамыз!

Жауап беру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.