«Бақылау парағы – кері байланыс беру құралы» атты вебинар

2021 жылғы 24 қараша күні Нұр-Сұлтан қаласының Білім беруді жаңғырту орталығы мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының әдіскерлеріне, педагогтеріне бақылау парағы бойынша кері байланыс берудің тиімді әдіс-тәсілдерін түсіндіру мақсатында  «Бақылау парағы – кері байланыс беру құралы» атты вебинар өткізді.

 Вебинар барысында  спикерлер, орталық әдіскерлері М. Боранбаева, А. Рсалиева,  Д. Тусупова «Педагогтердің аттестатталу, біліктілік санаттарын алу барысында өтініш толтыру талаптары», «Бақылау парағы – кері байланыс беру құралы» тақырыбында сөз сөйледі.

Іс-шара соңында рефлексия жүргізілді, педагогтер кері байланыс беріп, толғантқан сұрақтарына толық жауап алды.

Вебинарға мектепке дейінгі білім беру ұйымдарынан 100-ден астам әдіскер мен педагогтер қатысты.

Leave a Reply