«Балабақшада IB PYP бағдарламасының зертхана жұмысын енгізу» тақырыбында қалалық оқу семинары

2021 жылғы 3 желтоқсан күні Нұр-Сұлтан қаласының Білім беруді жаңғырту орталығы №73 «Аяулым» балабақшасында «Балабақшада IB PYP бағдарламасының зертхана жұмысын енгізу» тақырыбында қалалық оқу семинарын ұйымдастырды. Іс-шара мақсаты балабақшада  зерттеу жұмыстарын қолдану жолдарын көрсету негізінде тәжірибе алмасу болып табылады.

Семинарда IB PYP бағдарламасы бойынша балабақшада жұмыс жүргізуге  қатысты өзекті мәселелер қарастырылды, атап айтқанда п.ғ.к., доцент  А. Стыбаева «Мектепке дейінгі мекемеде  IB PYP бағдарламасын  қолдану ерекшеліктері», әдіскерлер «Халықаралық   IB PYP ұйымы өкілдерімен жұмыс жоспарын құру және жүзеге асыру жолдары» тақырыбында іс-тәжірибелерімен бөлісті.

Тәжірибелік бөлімде аталған балабақша тәрбиешілері А. Абилдаева, Ж. Еркебай мектепалды даярлық топ балаларымен «Нан дастарханға қалай келеді?», «Мақта мен жүннің айырмашылығы» атты  ұйымдастырылған оқу қызметтерін өткізді.

№73 «Аяулым»  балабақшасының тәрбиешілері шеберлік сағатта «Интеллектум» интеллектуалдық дамыту технологиясы,  «Эбру» техникасы бойынша сурет салу,  Монтессори педагогикалық жүйесінің элементтерімен жұмыс, SТЕМ технологиясы, сондай-ақ құм терапиясы арқылы балалардың зерттеу дағдысын дамытудың әдіс-тәсілдерімен бөлісті.   Семинар соңында рефлексия жүргізілді, педагогтер кері байланыс беріп, ой-пікірлерімен бөлісті. Іс-шараға қалалық мектепке дейінгі ұйымдардан 25 педагог қатысты

Жауап беру