БАСТАУЫШ МЕКТЕП – БІЛІМ МЕН ҒЫЛЫМНЫҢ БАСТАУЫ

БАСТАУЫШ МЕКТЕП – БІЛІМ МЕН ҒЫЛЫМНЫҢ БАСТАУЫ

Еліміздің барлық барлық аймақтарын қамтыған «Бастауыш мектеп – білім мен ғылымның бастауы» атты съезд өтті. Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған жиынға мемлекетіміздің түкпір-түкпірінен 300-ден астам педагог келді.

Съезд жұмысына Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, ҚР Білім және ғылым министрлігінің,
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының өкілдері, білім басқармаларының жауапты мамандары, Білім беруді жаңғырту орталығының әдіскерлері мен білім беру ұйымдарының педагогтері, жоғары оқу орындарының, педагогикалық колледждердің оқытушылары, біліктілікті арттыру институттарының мамандары қатысты.

Съезд 3 бөлімнен тұрды: секция жұмыстары, фасилитация және пленарлық отырыс.

Панельдік секциялар жұмысы келесі тақырыптар бойынша ұйымдастырылды:
 «Бастауыш білім беру мазмұнын жетілдіру»;
 «Бастауыш білім берудің әдістемелік жүйесі»;
 «Білім алушылардың оқу жетістігін бағалау»;
 «Бастауыш сынып мұғалімдерінің әлеуетін арттыру».

Съезд жұмысында:

  • бастауыш тәрбие мен оқыту жүйесін дамыту бағыттары,
  • бастауыш білім беру педагогтерінің кәсіби және тұлғалық өсуі,
  • бастауыш білім беру саласында мамандарды даярлау,
  • бастауыш және орта буын сабақтастығы және басқа да мәселелер талқыланды.

Жауап беру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.