Бастауыш сыныпта білім беру: теориясы, тәжірибесі мен даму тенденциясы

2022 жылдың 24 тамыз күні Нұр-Сұлтан қаласы «BINOM SCHOOL SARYARQA»    базасында педагогикалық қызметкерлерінің жыл сайынғы тамыз конференциясы аясында «Бастауыш сыныпта білім беру: теориясы, тәжірибесі мен даму тенденциясы»   тақырыбында панельдік секциялық жұмысы өтті.

         Секция жұмысына  ҚР Оқу-ағарту министрлігі  Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы «Мектепке даярлық және бастауыш білім беру» зертханасының аға ғылыми қызметкері,  «Сатылай кешенді оқыту» технологиясының авторы, Өскемен қаласының «Ана мен бала» орталығының балалар психологі, Астана халықаралық университеті педагогикалық колледжінің мамандары, «BINOM SCHOOL SARYARQA» мектебінің педагогтері, сондай-ақ Нұр-сұлтан қаласындағы жалпы білім беретін мектептердің бастауыш сынып пәні мұғалімдері қатысты.    

Конференция аясындағы панельдік секцияның жұмысы Youtube каналында тікелей көрсетілімі бар ZOOM платформасы арқылы онлайн форматта өтті. Панельдік секцияның жұмысын Нұр-Сұлтан қаласы  Білім беруді жаңғырту орталығының әдіскері Н. Әзімбай мен «Сатылай кешенді оқыту» технологиясының авторы Н. Оразыханова алғы сөзімен ашты.

Жұмыс барысында ҚР Оқу-ағарту министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы «Мектепке даярлық және бастауыш білім беру» зертханасының аға ғылыми қызметкері Таубай Пернегуль Таубайқызы «2022-2023 оқу жылында ҚР білім беру ұйымдарында оқу процесін ұйымдастыру ерекшеліктері», Астана халықаралық университеті педагогикалық колледжі директорының оқу-өндірістік жұмыстар жөніндегі орынбасары Сыздыкова Лязат Тасбергеновна «Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында болашақ альфа буын мұғалімдерін даярлау», «Сатылай кешенді оқыту» технологиясының авторы,  педагогика ғылымдарының докторы, профессор Оразахынова Нұрша Алжанбайқызы «Сатылай кешенді оқыту» технологиясының зертханасы –  сапалы білім берудің кепілі», №90 мектеп- гимназия директорының орынбасары  Силам Досжан «Табысты мұғалім – білімнің кепілі», Өскемен қаласының «Ана мен бала» орталығының балалар психологі, «Әл-Фараби атындағы бірінші жаңа оқыту технологияларын әзірлеу республикалық оқу-әдістемелік орталығы» курс жетекшісі Сембаева Асем Болатқызы «ХХI-ғасыр балаларын тәрбиелеу және оқыту», «BINOM SCHOOL SARYARQA» мектебінің директорының бастауыш ісі жөніндегі орынбасары Бақыт Шопенқызы «Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының тиімділігін арттыру жолдары», №82 “Дарын” мамандандырылған лицейінің бастауыш сынып мұғалімдері: Тлеубергенова Қаламқас Сериковна,  Сембекова Ултай Оспанбаевна, Кемерова Динара Тулеубаевна,», «Математика пәнінің оқу бағдарламасындағы күрделі тақырыптарды оқытудың әдістемелік аспектілері», №50 «Қазғарыш» мектеп-лицейінің бастауыш сынып мұғалімдері Шаяхметова Бибизия Сандибековна, Шойбасова Кульшат Калыовна,

«Оқушылардың бойында коммуникативті дағдыларды қалыптастыру арқылы шығармашылық құзыреттілігін дамыту», № 70 мектеп-лицейінің директордың бастауыш сынып мұғалімі Хадыл Гүлзат «Шаңырақ жобасы аясында ұлттық құндылықтарға негізделген көшбасшылықты дамыту», № бастауыш  сынып мұғалімі Ошанова Гулжазира Жанабаевна «М. Дулатұлы есептері бүгінгі сабақта», №72 мектеп-лицейінің бастауыш сынып мұғалімі Садвакасова Гүлнар Бүркітбайқызы «Мәтінмен жұмыс оқу сауаттылығын қалыптастыру әдісі», № 92 мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Умербаева Аягөз Қайырбекқызы «Кіші жастағы оқушылардың оқу сауаттылығын дамыту», № 22 мектеп-гимназия директорының орынбасары Сартаева Бибігүл Кенесқызы «Авторлық бағдарлама: тақырып таңдаудан оны көрсетуге дейін», № 25 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Сероштан Наталья Борисовна «Бастауыш сыныптарда оқыту жақсарту үшін критериалды бағалаудың түрлі тәсілдерін қолдану» тақырыптарында күнделікті жұмысында қолдануға болатын инновацияларды ұсынып, пайдалы ақпаратпен бөлісті.

            Панелдік кеңес соңында  «BINOM SCHOOL SARYARQA» директорының бастауыш ісі жөніндегі орынбасары Муслимбекова Зарина Турсынбекқызы мен  психолог Кайыржан Аяжан Айтбайқызы рефлексиямен қорытындылады.

Жауап беру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.