Білім беру үдерісіндегі денсаулық сақтау технологиялары

2022 жылғы 22 сәуірде Нұр-Сұлтан қаласының Білім беруді жаңғырту орталығы және № 21 орта-мектебінің бастауыш сыныптар қауымдастығы «Білім беру үдерісіндегі денсаулық сақтау технологиялары» тақырыбында қалалық семинар өткізді.

    Семинардың мақсаты: білім беру үрдісінде денсаулық сақтау технологиялары бойынша қала мектептерінің мұғалімдерімен тәжірибе алмасу.

    Семинар жұмысына № 21 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімдері қатысты.

     Семинар барысында 3 ашық сабақ, педагогикалық шеберхана, денсаулық сақтау технологиялары, ертегі терапиясы, би қозғалысы терапиясы, музыкотерапия өткізілді.

     Семинарға қатысушылар өз ойлары мен құнды пікірлерін білдірді.

     Семинарды жаңғырту орталығының әдіскері Н.Әзімбай қорытындылады.       Іс-шараға қатысқан және тәжірибемен бөліскен педагогтар Білім беруді жаңғырту орталығының алғыс хатымен марапатталды.

Жауап беру