«Білім беру ұйымдарындағы құқық бұзушылықтың алдын алу жолдары» семинар-практикум

2022 жылғы 28 қаңтар күні Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасы мен Білім беруді жаңғырту орталығының ұйымдастырумен мектеп және колледж директорлары және құқықбұзушылықты алдын алу жөніндегі менеджерлеріне арналған «Білім беру ұйымдарындағы құқық бұзушылықтың алдын алу жолдары» тақырыбында онлайн семинар-практикум өтті.

Мақсаты – білім беру мекемелерінде құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша менеджердің әдістемелік шеберлік деңгейін арттыру.

Іс – шара барысында Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы басшысының орынбасары Иманғазинова Римма Асымқызы, Білім беруді жаңғырту орталығының басшысының орынбасары Дауешова Сындар Мұратқызы сөз сөйледі.

Құқық бұзушылықты алдын алу жөніндегі менеджерлері өздерінің тәжірибелерімен бөлісті: «Құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі менеджердің жұмысын ұйымдастыру» – С.Мәуленов атындағы №37 мектеп-лицейінің құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі менеджері Кошкаров Берик Таженович, «Мектепте оқушылар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша менеджердің алгоритмі» – № 15 мектеп-лицейінің құқық бұзушылықтың алдын алу менеджері Медеубаев Ермек Мұратбекұлы.

Семинар-практикум барысында «SOS Астана Балалар» ауылы жеке білім беру мекемесінің басшысының орынбасары Третьякова Светлана Николаевна «Әлеуметтік-психологиялық қызмет, қиын өмірлік жағдайға тап болған отбасыларға көмек көрсету шеңберіндегі ведомствоаралық ынтымақтастық» әлеуметтік және психологиялық көмекке, оңалту мен қолдауға мұқтаж отбасылар мен балаларға кешенді көмек көрсету және әлеуметтік патронаж жасау арқылы өмірлік қиын жағдайды еңсеру және баланы отбасында сақтап қалу үшін жағдай жасау мақсатын және міндеттерін айтып өтті. Сондай-ақ, №26 мектеп-гимназиясының директоры Жангазакова Қарлығаш Есимхановна «Мектеп медиациясы – қолдану тәжірибесі және даму болашағы» тақырыбында өз тәжірибесімен бөлісті.

Соңында, Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасы басшысының орынбасары Иманғазинова Римма Асымқызы жаңа қызметкерлерге көмек көрсету мақсатында оқыту семинарлар, шебер-сыныптар ұйымдастыруды тапсырды.

Жауап беру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.