«Білім беру ұйымдарының эксперименттік алаңдары қызметінің  1-ші жарты жылдығының қорытындысы» вебинар өткізді.

2022 жылғы 02 наурызда Нұр-Сұлтан қаласының  Білім беруді жаңғырту орталығы  «Білім беру ұйымдарының эксперименттік алаңдары қызметінің  1-ші жарты жылдығының қорытындысы» вебинар өткізді.

Мақсаты: 2021-2022 оқу жылының 1-ші жарты жылдығы бойынша тәжірибе алмасу және қорытынды шығару.

Вебинарға қатысушыларға эксперименттік білім беру бағдарламасын толтыру, қажетті құжаттаманы ресімдеу бойынша әдістемелік ұсынымдар берілді.

Вебинар барысында №63 «Әсем-Ай»  балабақшасының әдіскері Жазира Баянбекқызы Ақниязова мен «International Academy of Emotional Intelligence» ЖШС директоры  Әсел Болатқызы Мұратова «Мектепке дейінгі ұйым тәрбиеленушілерінің эмоциялық зиятын дамыту табысты әлеуметтенудің факторы ретінде» эксперименттік бағдарламасын жүзеге асыру тәжірибесімен бөлісті.

Вебинар соңында өткізілген іс-шара бойынша педагогтармен рефлексия және кері байланыс жүргізілді, онда педагогтер кері байланыс беруге, өз әсерлерімен бөлісуге мүмкіндік алды.

Жауап беру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.