Білім беру ұйымдарының эксперименттік алаңдары

2022  жылғы 13 қыркүйекте Білім беруді жаңғырту орталығының инновациялық жұмыс және ынтымақтастық  бөлімі әдістемелік көмек көрсетуге бағытталған «Білім беру ұйымдарының эксперименттік алаңдары мен инновациялық жобаларды жүзеге асыру бойынша» вебинар өткізді.

 Осыған орай,  вебинарға 200 ден астам білім беру ұйымдарының басшының бейіндік ісі жөніндегі орынбасарлары, эксперименттік алаңдар мен жоба координаторлары  қатысты.

Вебинар барысында эксперименттік алаңдар мен жобаларды жүзеге асыру, жоспар құру бойынша сұрақтар талқыланды.

Іс-шара соңында, қатысушылардың өзекті сұрақтарына жауап беріліп, кері байланыс жүзеге асырылды.

Жауап беру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.