«Білім беру мазмұнын жақсарту жағдайында оқушылардың білім сапасын арттыру»  қалалық вебинар

2022 жылғы ақпан айының 23-і күні Нұр-Сұлтан қаласының №72 мектеп-лицейі және Білімді жаңғырту орталығының әдіскері Жанар Сейтахметқызының ұйымдастыруымен қазақ тілі мен әдебиеті сабағында білім сапасын арттыруда тиімді әдістерді қолдану арқылы оқушылардың білімін жетілдіру және заманауи сабақтың құрылымы туралы ой бөлісу, тәжірибе алмасу мақсатында «Білім беру мазмұнын жақсарту жағдайында оқушылардың білім сапасын арттыру»  тақырыбында қалалық вебинар өтті.

Аталмыш іс-шараны ББЖО әдіскері Маманова Жанар Сейдахметқызы бастап, №72 мектеп-лицей директоры Г.А. Жусупова “Инновациялық технологияларын қолдану арқылы білім сапасын арттыруды жүзеге асыру жолдары” тақырыбы бойынша сөз алды.

Іс-шараны әрі қарай С.Қ.Шайсултанова  мен Ж.С. Сулейменова шеберлік сағатында «Қазақ тілі екінші тіл ретінде оқытылатын сыныптарда жазылым  дағдысын қалыптастыру» деген тақырыпта өздерінің тәжірибесімен бөлісті.

Директордың оқу ісі жұмысының орынбасары М.Ж. Сандыбаева «Орта білім беру ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттардың тізбесі» тақырыбында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 16 қыркүйектегі №472 бұйрығымен таныстырды.

Келесі сөз кезегін ақпараттық технология бойынша менеджер М.М.Букишева сөз алды. Ол түрлі сервистер арқылы сабақта қолданудың тиімді  мүмкіндіктерін айтты. 

Аталмыш вебинардың тәжірибелік бөлімі одан әрі Meet платформасында 2 секция залдарына бөлініп,  жалғасын тапты.

1-секцияда қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Копбаева Жанар Ордагуловна «Үш тұғырлы тіл саясаты мемлекеттік тілді бірінші болып дамытуды көздейді» деген тақырыпта дебат өткізді. Мақсаты: қазақ тілінің мәртебесі туралы пікір айту, оқушылардың өз пікірін айта білуге үйрету, дәлелдер мен мысалдар, статистикалық мәліметтер қолдана білуге үйрету, тілді құрметтеуге баулу болды.

2-секцияда қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Толоухан Дамеля «Қазақтың ұлттық киімдері» атты этнопедагогика сабағын көрсетті. Ол оқушы мен ата-ана арасында қазақ халқының ұлттық киімдерінің қолданылуы кезеңімен, ұлттық киімнің түрлерімен, ұлттық киімдердірдің ерекшеліктерімен таныстырды.

Қазақ сыныбына Адилбекова Жанар Советхановна 9 сыныбымен Т.Айбергеновтің «Сағыныш» өлеңі бойынша сабақ көрсетті. Мұнда оқу мақсатын ашуға бағытталған kahoot сервисімен жасалған жұмыстар өз нәтижесін көрсетті.

Темиржанова Меруерт Асетовна қазақ әдебиетінен М.Әуезовтің «Көксерек» повесі бойынша  7-сынып оқушыларымен сабақ берді. Сабақ өз мақсаты бойынша жоғары деңгейде өтті. Оқушылар белсенді қатысып,  әртүрлі сервис платформаларымен үнемі жұмыс істей алатындары көрініп тұрды. Сабақ барысында төрт дағды қамтылды.

         Шайхина Жазира Габдоллаевна қазақ тілінен «Белгілі спорт жұлдыздары» бөлімінен «Күш атасы – Қажымұқан» атты сабағын

6- сыныппен тамашаладық. Сабақ барысында кейіпкерлер жүйесінің заманауи жаңашылдығын өзара салыстырып баға беріп,  шығармадағы кейіпкерлер қарым-қатынасын отбасылық құндылық тұрғысынан талдады.

2-секцияда орыс тілді сынытарында сабақ беретін пән мұғалімдері  өз тәжірибесімен бөлісті. Кулмагамбетова Бимария Жакешевна қазақ тілі пәнінен 3-сынып оқушыларына «Дина күй шертеді» тақырыбында сабағын көрсетті. Сабақ барысында қамтылған оқу мақсаты: тыңдаған  мәтіннің мазмұнын түсіну, мәтін бойынша сұрақтар құрастыру және жауап беру, мәтінді мәнерлеп оқу, мәтін бойынша тапсырмалар орындау. Атақты күйші Дина Нұрпеисованың өнерімен таныстырды.

Ахметжанова Жанар Манаповна 5- сыныпта  қазақ тілі пәні бойынша  «Қожа – әдепті бала» тақырыбында сабақ берді. Сабағының мақсаты: мәтіннің мазмұнын ашуға, негізгі ойды ұғына білуге жағдай туғызу, мәтіннің авторы туралы және мәтін жайлы әңгімелей отырып, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетудің әдептілік екенін түсіне білуге жол ашты. Сабақ барысында мұғалім жеке, жұптық, топтық жұмыстар жүргізді.

Келесі сабағын жас маман  Қасен Аяужан Толегеновна 4- сынып оқушыларымен «Ақылды аң» тақырыбында өткізді. Сабақ жүргізуде тиімді әдістерді, соның ішінде «learnisApps» платформасымен жасалған жұмысы оқушыларға сабақ мақсатына жетуге тиімді екеніне көз жеткізді. Сабақ барысында төрт дағды толығымен қамтылды.

Вебинарда соңында кері байланыc жасалып, іс-шараны  ұйымдастырған Білім беруді жаңғырту орталығының әдіскері Маманова Жанар Сейдахметқызына және №72 мектеп- лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері мен мектеп басшысы Жусупова Гулсим Асыловнаға рақметін айтты.

Пікірлер

Жауап беру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

  1. Дәмеля Төлеуханқызының сабағы қатты ұнады. Размет сізге. Ұлттық құндылықтарымызды дәріп жүре беріңіз
    Еңбек жолында сәттілік тілеймін.