Білім елінде

2021 жылдың қараша айының 2 және 3 жұлдызында Білім беруді жаңғырту орталығы мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің кәсіби құзыреттілігін арттыру мақсатында №14 «Ақбөпе», №65 «Бал бала», № 32 «Балдәурен», № 37 «Арман» балабақшалары базасында әдістемелік күндер өткізді.

Әдістемелік күн барысында БЖО әдіскерлері және сараптау комиссиясының мүшелері аттестатталушы педагогтердің ұйымдастырылған оқу қызметін талдап, бақылау парақтарын жазып, кері байланыс пен ұсынымдар берді. Педагогтер жаңа технологияларды пайдаланып, танымдық қызықты ұйымдастырылған оқу қызметін көрсетті.

Leave a Reply