Білім мен ғылым, өнердің алтын ордасы

Қазақстан Ғылым академиясының негізін қалаушы және тұңғыш президенті, академик Қаныш Сәтбаев атындағы «№ 61 орта» мемлекеттік мекемесі 2008 жылдың 1 қыркүйегінде ашылды. Мектептің жобалық қуаты 1200 оқушыға арналған. Қазіргі таңда 1744 оқушы білім алу үстінде. Оқыту тілі – мемлекеттік тіл. Мектеп 2 ауысым бойынша жұмыс істейді. Оқушыларды білім нәрімен сусындату жолында 134 ұстаз еңбек етуде. Мектепті 2019 жылдан білгір де білікті басшы республикалық «Үздік педагог-2019» байқауының жеңімпазы, «Болашақ» бағдарламасының түлегі Омарханов Ернұр Аханұлы басқарып келеді.

Бүгінгі бәсекелестікке негізделген қоғамда білім мен ғылымның алатын орны ерекше. Мектепте жас өркендерге жан-жақты да тағылымды, сапалы білім алуына барынша жағдай туғызылған.

Білім сапасын көтеру мақсатында жылдық оқу жоспары бойынша вариативті компоненттен 1-11-сыныптар аралығында жекелеген пәндерден оқушылардың қызығушылықтарын, жеке мүмкіндікері ескеріле отырып, факультативтік сабақтар алынған. Мектепте футбол, баскетбол, каратэ, үйірмесімен қатар «Шабыт» ұлттық аспаптар ансамблі, «Парасат» пікірсайыс клубы жұмыс істейді. Мектеп өзінің жұмысын оқушыларды ғылым негіздерін игеруге баулудан бастаған. Осы бағытта Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті, Сәкен Сейфуллин атындағы агратехникалық университеті және «QAZAQ GEOGRAPHY» Қазақстан ұлттық географиялық қоғамымен меморандумға отырып, «Астана дарыны» Дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығымен бірлесе отырып 2022 жылдың 16 сәуір күні І қалалық «Қаныш Сәтбаев және Қазақстан ғылымы» ғылыми жобалар байқауын өткізді. Сонымен қатар 2021 жылы «Қаныш Сәтбаев және Қазақстан ғылымы» тақырыбында республикалық конференция өткізді.

Білім беруді жақсарту мақсатында аудан, облыс, республикалық деңгейде ұйымдастырылған байқаулар, пән олимпиадаларына мектеп оқушылары мен ұстаздары белсене қатысып, алдыңғы қатардан көріне алды.

Жаратылыстану-математика циклы пәндері бойынша XVI Президенттік олимпиадасының жүлдегері ІІІ дәрежелі дипломды 11-сынып оқушысы Жамшитов Арсен иемденді.

9-11 сынып оқушылары арасында Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қалалық және аудандық кезеңі тарих пәні бойынша: 11-сынып оқушысы Абенова Айдана ІІІ-орын, пән мұғалімі Ахметжанова Г.С., 10-сынып оқушысы Култасова Жанерке І-орын, пән мұғалімі Ермағанбетов Б.Ғ., география пәні бойынша 11-сынып оқушысы Мырзабек Баубек ІІІорын, пән мұғалімі Пакизеева А.Е., биология пәні бойынша 11-сынып оқушысы Каукербекова Айдана ІІІорын, пән мұғалімі Отарбаева Г.О., физика пәні бойынша 10- сынып оқушысы Жұман Аружан ІІІ-орын, пән мұғалімі Ешимова Н.А., орыс тілі пәні бойынша 10-сынып оқушысы Майданова Малика ІІІ-орын, пән мұғалімі Акимбекова О.Ж., ағылшын тілі Дүйсенбай Мақсат ІІІ-орын, пән мұғалімі Кадрбекова Э.М., өзін-өзі тану пәні бойынша: Еркін Іңкәр ІІІ-орын, пән мұғалімі Ермекжанова З.Ж.

8-11 сынып оқушылары арасында Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсы «Үздік қалалық команда 2021» ІІ дәрежелі диплом,11-сынып оқушысы Жамшитов Арсен І-орын, жетекшісі: Хиналхан К., 9-сынып оқушысы Хасенова Мерей ІІ-орын, жетекшісі: Хабибуллина Ж.Б; 9-сынып оқушысы Рысбек Санжар ІІ-орын, 9-сынып оқушысы Найманов Ғалымжан ІІ-орын, жетекшісі: Байтуова Т.Т.

7-8 сынып оқушылары арасында Жасөспірімдер олимпиадасы:

Химия пәні бойынша 8-сынып оқушысы Досалы Даниал жүлделі ІІІ-орын, жетекшісі: Джабаева Э.К; биология пәні бойынша 8-сынып оқушысы Аузханова Айгерим ІІІ-орын, жетекшісі: Байтуова Т.Т; ағылшын тілі пәні бойынша 8 сынып оқушысы Ермекова Дильназ ІІІ-орын, жетекшісі: Хабибуллина Ж.Б; орыс тілі мен әдебиеті пәні бойынша 8 сынып Испол Малика ІІІ-орын, жетекшісі: Қойбағар Ұ.Б. 7 сынып оқушысы Сеилбай Айгерим ІІІ-орын, жетекшісі: Калихан Елназ; қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша 8-сынып оқушысы Төкен Толғанай ІІІ-орын, жетекшісі: Айтпаева М.И.

2-7 сынып оқушылары арасында «Зерде» конкурсы:

Тарих бағыты бойынша жүлделі ІІ-орын Қанат Сұңқар, жетекшісі Ахметжанова Г.С; жүлделі ІІІ-орын Мамадалиев Нұрсултан, жетекшісі Аренова АТ; Қалқабаева Сабина, жетекшісі Искакова А.Е; Тауреат Бексултан, жетекшісі Омашева А.Р; Медицина психология бағыты бойынша жүлделі ІІІ- орын Тугельбаева Жасмин, жетекшісі Букенбаева З.К; Жақсыжанұлы Бақкелді және Нурмаханова Назерке, жетекшісі Дутбаева А.Қ; валеология бағыты бойынша жүлделі ІІІ-орын Қадыр Ислам, жетекшісі Смаилова Г.К; Ағылшын тілі бағыты бойынша Бейсенәлі Ернұр жүлделі ІІІ-орын, Кадрбекова Э.М; математика бағыты бойынша жүлделі ІІІ-орын, Сагидуллаев Алдамир және Ахметов Адилхан, жетекшісі Макумова Г.К., химия бағыты бойынша жүлделі ІІІ-орын Сеилбай Айгерим, жетекшісі Джабаева Э.К

2-4 сынып оқушылары арасында І қалалық «Әдебиет әліппесі» оқулары:

«Ойлан тап» номинациясы бойынша жүлделі ІІ-орын, Джаныбекова Айзере, жетекшісі Алдабеова Н.К. «Өнер алды…» номинациясы бойынша Идрис Інжу жүлделі ІІ-орын, жетешісі Дутбаева А.К, «Алтын сақа…» шығарманы жалғастыру номинациясы бойынша Кунанбай Абылайхан жүлделі ІІІ-орынға ие болды, жетекшісі Жандыкбаева Ж.Т

8-11 сынып оқушылары арасында І қалалық «Қаныш Сәтбаев және Қазақстан ғылымы» ғылыми жобалар байқауы: «Қаныш Сәтбаев және жаратылыстану ғылымы» бағыты І-орын Сейтжан Арман, жетекшісі Бекеева А.Е; ІІІ-орын Досалы Ардана және Жагпарова Алия, жетекшісі  Садыкова А.Ж, «Қаныш Сәтбаева мұрасы» бағыты жүлделі ІІІ-орын Асанхан Інжумаржан, жетекшісі Кайркулова Э.С.

            Білім беруді жаңғырту орталығының ұйымдастыруымен Елорда мектептерінің 8-11сынып оқушылары арасында «Не? Қайда? Қашан?» интеллектуалдық ойны мектебіміздің «ПАРАСАТ» тобы жүлделі І-орын.

Сабақтан тыс уақыттарда мектепте оқушылардың қызығушылықтарын ескере отырып футбол, баскетбол, каратэ, үйірмесімен қатар «Шабыт» ұлттық аспаптар ансамблі, «Парасат» пікірсайыс клубы жұмыс жасайды. Мектеп ұстаздарының қажырлы еңбектерінің жемісі де жоқ емес. Атап айтсақ:

«Asian Academies Hybrid Chess Championship» атты шахматтан халықаралық дәрежеде өткізілген онлайн турнирінде 9-сынып оқушысы Найман Ғалымжан жүлделі III-орын.

Қазақстан Республикасы Чемпионаты: 2007-2008 жылғы ұлдар арасында өткен жарыста ІІ-орын, 2006-2007 жылғы ұлдар командасы ІІ-орын, 10 а сынып оқушысы Турдеев Ерасыл үздік ойыншы, бапкер Кайркуова Ж.А.

«Шаттық -2022» ашық шығармашылық қалалық байқауында дәстүрлі әні  Дипломант Ермек Гүлсезім. Халық ансамблі «Шабыт» оркестрі Дипломант. Ислямова Аяулым фотосурет номинация бойынша Дипломант.-

Халықаралық вокальды -аспапты өнер фестивалінде  «Ұлттық аспаптар» номинациясы бойынша Бас жүлде «Шабыт «оркестрі.

Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы әкімдігінің  «Өркен» балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталығының Ұлттық мектеп лигасында 5-6 сынып оқушылары футзалдан аудандық кезеңде І-орын, қалалық кезеңде жүлделі І-орын, бапкерлер: Асалов Атабек Әуелбекұлы және Мұратбек Мағжан.

Білім ошағының негізгі ұстанымы: Білімді, азаматтық ұстанымы бар, әлемдік өзгерістерге бейім құндылықтарды бойға сіңірген зияткерлік орта қалыптастыру. Іске сәт білімді де өнерлі алтын ұя.

«Елордалық білім» ақпарат

Жауап беру