БІЛІМДІ ҰРПАҚ – ҰЛТ БОЛАШАҒЫ

Нұр-Сұлтан қаласының Білім беруді жаңғырту орталығы 2022  жылдың 27 мамыр  күні  №89 мектеп-лицейінде Балалар жылын қолдау аясында «Білімді ұрпақ – ұлт болашағы» «Жұлдызды шеруі» мерекелік іс-шара өтті.  № 89 мектеп-лицейінде өткен  іс-шараның басты мақсаты: Республикалық және халықаралық деңгейдегі зияткерлік сайыстарда, пәндік олимпиадаларда, спорттық сайыстарда және шығармашылық байқауларда жоғары нәтижелерге қол жеткізген оқушылар мен олардың тәлімгерлерін марапаттау.  Бұл іс- шара оқушылар мен педагогтердің ағымдағы оқу жылындағы еңбектерінің қорытындысы болады. Қатысушылар келесі номинациямен марапатталды:

  •  «Жас интеллектуал – 2022»;
  • «Жас эрудит – 2022»;
  •  «Жас ғалым – 2022»;
  •  «Жас талант – 2022»;
  •  «Үздік бапкер – 2022»;
  •  «Шығармашыл ұстаз – 2022».

Сонымен қатар, номинация иегерлеріне марапаттау қағаздары мен сыйлықтарына ие болды. Талантты да дарынды балалардың дамуына, шығармашылықпен айналысуына жағдай жасап жүрген мұғалімдер қатары жетерлік.   Жұлдызды шеруде мектебіміздің жарық жұлдыздары марапатқа ие болды, олардың таланты мен білімі біздің мектептің жарқырауына, қала тарихының қалыптасуына өз үлестерін қосуда.

Жауап беру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.