BINOM  SCHOOL «Ұлы дала» мектеп –лицейінде  шебер-сынып өткізілді

Ағымдағы  жылдың 15 ақпан күні білім беру жаңғырту орталығының  ұйымдастыруымен «Үш тілділік –білім беру  дамуының жаңаша беталысы»  тақырыбында химия және биология пәндерін ағылшын тілінде сабақ беретін педагогтерге  арналған  BINOM  SCHOOL «Ұлы дала» мектеп –лицейінде  шебер-сынып өткізілді.

Мақсаты: Мұғалімдерге үштіліділік жағдайында  белсенді әдіс-тәсілдер үйреніп, сабақ өту барысында белсенділік танытты. Шебер-сыныптың ұйымдастырушысы Білім беруді жаңғырту орталығының әдіскері Ш.Шакирова  шебер-сыныптың бағдарламасымен таныстырды. BINOM  SCHOOL «Ұлы дала» мектеп –лицейінің директоры Байтажикова Куралай Амангелдіқызы  химия және биология пәндерін ағылшын тілінде  оқыту тиімділігі   туралы сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.  Шебер сыныпты  биология пәнінен  «Дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация»  лицейінің биология пәні мұғалімі Калходжаев Уалихан,  №9 «Зерде» мамандандырылған мектебінің биология пәні мұғалімі Юлмухамбетова Альбина Азаматовна,  «Дарынды қыз балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернатының биология пәні мұғалімі,  Жанасова Құралай Еркеновна,  65 мектеп-гимназиясының  биология пәні мұғалімі Толеубаева Молдир Оразбаевна,  «Дарынды қыз балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернатының биология пәні мұғалімі Өмірзақ Нұрила Дәулетқызы, ал  химия пәнінен   N81 «Astana English school» мамандандырылған гимназия химия пәні мұғалімі Гареева Алия Суртаевна,  Ж.Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназиясының химия пәні мұғалімі Қожантаева Ақмарал Ғабитқызы,  Ж.Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназиясының химия пәні мұғалімі, Кудерина Шарбану Агзамовна,  «Дарынды қыз балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернатының  химия пәні мұғалімі Гюрташ Чолак Нагехан, 65 мектеп-гимназиясының  химия пәні мұғалімі Скакова Гулим Копесовнатолық және ішінара енгізіп сабақ көрсетті.

Шебер сағаттың соңында сергіту тренингі ұйымдастырылып, қатысушыларға сөз беріліп, қатысушылар алған әсерімен бөлісті. Шебер-сыныпқа Ы.Алтынсарин  атындағы Ұлттық білім академиясының  жетекші ғылыми қызметкері Амирева Шолпан Ракишевна  қатысып, сабақты  ағылшын тілінде өткізген мұғалімдерге  алғысын білдіріп, осындай ұстаздермен бірге химия мен биологияны алға қарай дамыта аламыз деп ризашылығын білдірді.

    Іс-тәжірибесімен бөліскен педагогтер Білім беруді жаңғырту орталығының  атынан   Алғыс хатпен марапатталды.  

Жауап беру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.