«Біз мектепке барамыз» акциясы жал

2022 жылдың 18 сәуірі күні  елордалық мектепке дейінгі ұйымдардың мектепалды даярлық топтары арасында «Біз мектепке барамыз» акциясы жалғасуда.

Акция барысында мектепалды даярлық топтарының педагогтері балабақша тәрбиеленушілерін мектепке сапалы даярлауға бағытталған түрлі әдістер мен тәсілдерді қолдана отырып, онлайн ашық ұйымдастырылған оқу қызметін көрсетіп жатыр.

Акцияға келесі: №20 «Арайлым», №31 «Ақ сұңқар», №34 «Ақ бидай», №15 «Дарын» балабақшалар қатысты. Педагогтер ашық ұйымдастырылған оқу қызметтерінде жаңа технологияларды пайдалана отырып, балалардың білім, білік және дағдыларын жоғары дәрежеде көрсете білді.

Іс-шараға Білім басқармасының мектепке дейінгі тәрбие және оқыту бөлімінің басшысы А. Ережепова, мектепке дейінгі ұйымдардың меңгерушілері, әдіскерлері мен педагогтері қатысты. Қорытынды бөлімде кері байланысқа шыққан қатысушылар өз ұсыныстары мен тілектерін білдіре отырып,  іс-шараның маңыздылығын атап өтті. Акция  ағымдағы жылдың мамыр айына дейін жалғасады.

Жауап беру