Цифрландырудағы жаңа өнімдер мен сервистер

2021 жылдың 16 қарашасында  Astana IT University базасында  Нұр-Сұлтан қаласы Білім беруді жаңғырту орталығының «Мамандықтар академиясы»  жоба  аясында  «Цифрландырудағы жаңа өнімдер мен сервистер» атты  «Есептеу техникасы  және бағдарламалық қамтамасыздандыру (салалар бойынша)», «Бағдарламалық  қамтмасыздандыру», «Ақпараттық жүйелер» мамандықтар  бойынша арнайы пәндер және  «Информатика» пәнінің оқытушыларына арналғанқалалық шебер-сынып өтті.

          Әдістемелік іс-шарада Astana IT University  өкілдері  ғылым және инновациялар жөніндегі проректор, техникалық ғылымдарының докторы, профессор  А.А.Белощицкий, Біліктілік және шеберлік орталығының директоры

С. Н. Токсанов заманауи кәсіптік білім беру ұйымдарында білім беру процесін іске асыруға арналған цифрлық құралдар,  болашақтағы IT  мамандықтарымен    және т.б. таныстырды.

          Шебер-сыныпта IT технология бойынша өзекті сұрақтар талқыланды. Қатысушылар іс-шараның өзектілігі мен уақтылығын атап өтті.

 Жалпы қалалық шебер-сыныпқа 58 колледждің аранайы пәндер оқытушылары қатысты.

Leave a Reply