Цифрлық білім беру ресурстарын оқыту үрдісінде қолдану

Бүгін 13 мамыр 2022 жылы  Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Білім беруді жаңғырту орталығының» жоспарына сәйкес №92 мектеп-лицейінің базасында «Цифрлық білім беру ресурстарын оқыту үрдісінде қолдану»  атты қалалық семинар-практикум өтті.

         Семинардың мақсаты: сабақта білім алушының интеллектуалдық қабілеттерінің дамуына, теориялық материалды өз бетімен оқып-үйренуге мүмкіндік беру.

         Семинар-практикум екі кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде шебер сабақтар өткізілді.

         Шебер сабақтарды берген мұғалімдер:

ПроцентыБалтабаева  Айгерым  Габдувахитовна Математика пәнінің мұғалімі
Туындының  қолданылуыИбраева  Эльмира  Мейрамовна Математика пәнінің мұғалімі
Табиғаттағы  су. Судың кермектігі. Судың   ластану себептеріАбраева   Динара Ериковна Химия пәнінің мұғалімі
Микробы в организме человека.  Касымбекова Айгуль Ахмедиевна Биология пәнінің мұғалімі
Дүниежүзінің саяси картасыАбжан Гульзира Бауыржановна География пәнінің мұғалімі
Жануарлар бейнесін 3D модельдеу арқылы жасау  (кіріктірілген сабақ)Махаева Акерке Курманбаевна Информатика пәнінің мұғалімі Касымова       Айгуль  Идрисовна Технология пәнінің мұғалімі
Преобразование величин времени. День           победыКусаинова Светлана Исламгалиевна Бастауыш сынып мұғалімі
СекундСапаргалиева Назымгул  Ермековна Бастауыш сынып мұғалімі Оспанова Әсем Нұрланқызы Информатика пәнінің мұғалімі
HTML 5-те аудиопанельді шығару, аудио файлдарды ойнатуБурханов Есен Адилбекович Информатика пәнінің мұғалімі

№ 92 мектеп-лицей мұғалімдері өздерінің сабақтарында пайдаланып жүрген цифрлық ресурстарын қалай тиімді қолданатынын көрсетті. 

Екінші кезең барысында тәжірибе алаңында мұғалімдер оқыту үрдісінде цифрлық білім беру ресурстарын қолданудың тиімділігі туралы тәжрибелерімен алмасты.

Семинардың рефлексиясы педагог-психологтардың тренинг ретінде жүргізілді, оның барысында қатысушылар өзара пікір алмасып, кері байланыс берді.

Жауап беру