Cisco Желілік Академиясының Халықаралық бағдарламаларын іске асыру бойынша әдістемелік көмек

Нұр-Сұлтан қ. Білім беруді жаңғырту орталығының инновациялық жұмыс және ынтымақтастық бөлімі Cisco Желілік Академиясының Халықаралық бағдарламаларын іске асыру бойынша әдістемелік көмек көрсету мақсатында Нұр-Сұлтан қаласы мектептерінің информатика пәні мұғалімдеріне нұсқаулық-әдістемелік семинар өткізді.

Cisco Желілік Академиясының бағдарламалары Нұр-Сұлтан қаласында 2017 жылдан бастап сәтті жүзеге асырылуда.

Семинарға негізгі спикерлер ретінде Ресей/ТМД-дағы Cisco корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік бағдарламаларының жетекшісі Дмитрий Разумовский, № 60 мектеп-лицейі директорының орынбасары, CISCO Желілік Академиясының нұсқаушысы Байжанов Сансызбай Болатұлы қатысты.

Семинар жұмысына Cisco Желілік Академиясының жобасын іске асыратын Нұр-Сұлтан қаласының 27 мектебінен информатика педагогтері қатысты (№№1, 2, 3, 4, 5, 14, 16, 21, 25, 27, 31, 34, 35, 37, 38, 44, 53, 56, 59, 60, 63, 72, 75, 79, 80, 83, 84).

Семинар барысында Cisco Желілік Академиясының бағдарламалары, курстар портфолиосы ұсынылды. Қатысушылар CISCO Желілік Академиясы бағдарламаларының жүзеге асырылу мәселелерін талқылады, курстардың түрлері, білім алушының мансап процесі, Packet Tracer құралы оқыту курстарына, қашықтықтан оқытуға, кәсіптік даярлауға және жұмысты жоспарлауға арналған оқу ортасы ретінде қарастырылды.

Мектептердің желілік академияларын Нұр-Сұлтан қ. Білім беруді жаңғырту орталығының Желілік Академияларды қолдау орталығына тіркеу және бекіту рәсімдері қаралды.

Мұғалімдерге Cisco Желілік академияларының бағдарламалары бойынша оқушыларды оқыту мақсатында семинар материалдарын пайдалану жөнінде ұсыныстар мен практикалық кеңестер берілді.

Leave a Reply