Дұрыс тамақтану мектебі

Нұр-Сұлтан қаласының Білім беруді жаңғырту орталығы 2022 жылғы 19 мамырда №89 мектеп-гимназия базасында «Дұрыс тамақтану мектебі» жобасын жүзеге асыру бойынша республикалық семинар өткізді.

Семинар барысында Алматы қаласы білім басқармасының МҒӘББЖТ ақпараттық-талдау және баспа жұмысы бөлімінің басшысы Т. Ежова, «Danone» компаниясының корпоративтік мәселелер жөніндегі департаментінің директоры Д. Айсаутов, Нестле ФУД-Қазақстан компаниясының өкілдері, Алматы қаласының №78 мектеп-гимназиясының педагогтері А. Хандогина, Г. Розбакиева, Нұр-Сұлтан қаласы мектеп директорларының орынбасары және бастауыш сынып педагогтері қатысты. Алматы қаласының педагогтері 4-сынып оқушыларына арналған «А-дан Я-ға дейін» әзірленген оқу-әдістемелік құралын, сондай-ақ, №80 мектеп-гимназиясының педагогтері И. Абдуахитова мен А. Тургумбаева 1-сынып оқушыларына арналған оқушының дәптері мен мұғалімге арналған оқу құралынан тұратын  «Денсаулық әліппесі» атты әзірленген оқу-әдістемелік құралын таныстырды.

Қазіргі уақытта ҚР БҒМ бекітілген 2-сыныпқа арналған «Дұрыс тамақтану мектебі» оқу – әдістемелік кешені негізінде факультативтік курс  жүзеге асырылуда.

Сондай-ақ, Д. Айсаутов, дұрыс тамақтанбау салдарынан балаларда пайда болатын аурулар бойынша мониторинг пен статистиканы, балалардың дұрыс тамақтануы туралы бейнероликті ұсынды, өйткені болашақ ұрпақтың салауатты өсуі үшін негіз балалық шақтан қаланады.

Семинар соңында қатысушылар кері байланыс беріп, Республикалық оқу-әдістемелік кеңестің қарауына педагогтер әзірлеген оқу-әдістемелік кешендерді ұсыну қажеттігі туралы пікір білдірді. Бұл курс бүгінгі күні өзекті болғандықтан, 1,3,4 сыныптарда толық элективті курсты оқыту қажеттілігі бар. Семинар қорытындысы нәтижесінде 3 сыныпқа арналған оқу-әдістемелік кешенді Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының педагогтері бірлесіп әзірлеу бойынша келісілді.

Жауап беру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.