«Дарынды баламен жұмыс жүргізудегі тиімді әдіс-тәсілдер» тақырыбында семинар

Ағымдағы жылдың 23 қарашасы күні Нұр-Сұлтан қаласы, Білім беруді жаңғырту орталығының жоспарына сәйкес «Дарынды баламен жұмыс жүргізудегі тиімді әдіс-тәсілдер» тақырыбында семинар өткізілді.

 Семинарға елорданың химия және биология пәндері мұғалімдері қатысты.Алғашқы сөзде Білім беруді жаңғырту орталығының әдіскері Ш.Шакирова «Жаңа  жағдайдағы Қазақстан іс-қимыл кезеңі» атты  ҚР Президенттің жолдауындағы дарынды оқушыларға байланысты айтылған негізгі тапсырмаларды атап өтті. Сонымен бірге модератор  семинардың ерекшелігі мен мазмұнынын таныстырып өтті.

Семинардың теориялық бөлімінде спикерлер  Ахметжан Аятжан, Калходжаев Уалихан, Мужубаев Әбілмансұр дарынды балаларды анықтау және тәрбиелеу, дарынды балалармен жұмыс істеудің жолдары және  олимпиада кезеңінде қамтылатын тақырыптар бойынша сөз қозғады.

Практикалық бөлімде   биология пәні бойынша  У.Калходжаев, химия пәні  бойынша  Г.Райсханова семинарға қатысушылармен бірге  олимпиадада келетін  тапсырмаларды шығарып, талдады. 90-нан аса мұғалім қатысқан семинар соңында  іс-тәжірибесімен бөліскен  мұғалімдерге сертификаттар табысталды.

Leave a Reply