«Дизайн және сәулет: теория мен тәжірибе синтезі» атты шебер – сынып ұйымдастырылды

2022 жылдың 23 ақпан күні «Тұран» колледжі базасында  Нұр-Сұлтан қаласының колледж оқытушыларына арналған  «Дизайн және сәулет: теория мен тәжірибе синтезі» атты шебер – сынып ұйымдастырылды .

         Шебер-сыныпты Ибраев Р.Н., колледждің әлеуметтік серіктесі, “Алаш Құрылыс” ЖШС бас сәулетшісі және колледждің арнайы пәндер оқытушылары Кашапова Г .У., Турсунбаев С. К., Мухамеджанов О. К., Бурмаганова М. М. өткізді.

     Шебер – сыныбында  «Сәулет» бағыты  бойынша Ибраев Руслан Нахыпович “Revit”, “AutoCAD”, “ArchiCAD” бағдарламаларында жобаларды орындаудың тәжірибелік дағдыларын көрсетті, Турсунбаев Самат Кенжебекович  геометриялық кескіндерден модельдің шығармашылық конструктивтік кескінін салудан өзінің әдісі бойынша ұсынды және  эскизден макетке дейін жобалар жасау және  Creality Ender 3 V2 3-D принтерінің көмегімен жұмыстың 3D-үлгісін жобалау.

         «Дизайн» бағыты  бойынша оқытушы Кашапова Гулия Умирзаковна студенттермен бірге композиция орындау техникасын және эпоксидті шайыр құю техникасының шеберлігін көрсетті.

Арнайы пәндер оқытушысы Мухамеджанов Оралхан Калелович  және Бурмаганова Марал Мырзабековна кескіндемеде композицияның кезеңдері мен түрлі материалдармен жұмыс істеу техникасымен  таныстырды,  ал студенттер сурет салу шеберлігін көрсетті

 Іс-шараға қатысушылары көрменің ұздік жұмыстарың, заманауи өнердердегі техниканы және әдістерінін қолдануын және студеннтердін практикалық жұмыстаының креативтілігі  атап өтті. Шебер-сынып қатысушылары мен ұйымдастырушылары Нұр-сұлтан қаласының білім беруді жаңғырту орталығының алғыс хаттарына ие болды.

Жауап беру