«EduLeadersNS» жобасы аясында «Медиа сауаттылық және оқушылардың конфитивті ойлау дағдыларын дамыту»

Нұр-Сұлтан қаласының Білім беруді жаңғырту орталығы 2022 жылғы   14 сәуір күні  №8 мектеп-лицейінде «EduLeadersNS» жобасы аясында «Медиа сауаттылық және оқушылардың конфитивті ойлау дағдыларын дамыту»  атты жас педагогтерге арналған семинар-практикумын өткізді.

Семинарда география пәні бағдарламасын құрастырушы және оқулық авторы, медиасауаттылық бойынша әдістемелік құрал авторларының бірі – Қаратабанов Руслан Әділханұлы қатысты. Ол медиа өнімдерін сын тұрғысынан талдау, ақпараттарды интерпретациялау, пайдалану, дайындау және таратуды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін білім, дағды және ұстанымдар  туралы жас мамандармен пікір  алмасты. Медиа және ақпараттық сауат – «ХХІ ғасыр дағдылары» немесе «икемді» дағдылардың ажырамас бөлігі екенін айтып өтті.

Білім беруді жаңғырту орталығының әдіскері Құлмағамбетова Ақсұлу Шынболатқызы «Білім беру философиялары және куррикулум» тақырыбы аясында оқу бағдарламаларын дайындау негіздері, дәстүрлі және жаңартылған бағдарламаның ерекшеліктері, оқу бағдарламаларын жүзеге асыруда әсер етуші факторлар және зерттеу мен мониторингтің маңызы туралы баяндама жасады.

Соңында қатысушылар спикерлерге сұрақтар қойып, өздерін қызықтырған тақырыптарды талқылады және соңында іс-шараны қорытындылай отырып, талқылау өткізді.

Жауап беру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.