Эксперименттік алаңдар

2022 жылғы 07 сәуірде эксперименттік алаңдар мен инновациялық жобаларды ашуға ұсынылған  материалдарды қарастыру бойынша қалалық Сараптамалық кеңестің отырысы өткізілді, отырыс барысында білім беру ұйымдарынан 29 эксперименттік бағдарламалар  қарастырылды (9 балабақша, 18 мектеп, 1 колледж, 1 арнайы мектеп).        Сараптамалық комиссия эксперименттік алаңдардың білім беру бағдарламаларын қарастырып,          ҚР БҒМ 2015 жылғы 27 наурыздағы №139 бұйрығының «Білім беру ұйымдарында эксперимент режимінде іске асырылатын білім беру бағдарламаларын әзірлеу, сынақтан өткізу және енгізу қағидаларын бекіту туралы» талаптарына сәйкес эксперименттік бағдарламаларды рәсімдеу бойынша ұсыныстар берді. Сондай-ақ білім беру ұйымдары үшін өзектілігі мен практикалық маңызы бар эксперименттік бағдарламаларды ашу ұсынылды.

Жауап беру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.