Элективті курс авторларымен кездесу және тәжірибе алмасу

2022 жылдың 13 қыркүйек күні «Элективті курс авторларымен кездесу және тәжірибе алмасу» тақырыбында қалалық семинар  Youtube каналында тікелей көрсетілімі бар ZOOM платформасы арқылы онлайн форматта өтті.

Семинар жұмысына ҚР БҒМЫ. Алтынсарин атындағы ҰБА, Педагогикалық зерттеулер институтының директоры, BINOM SCHOOL мектептерінің педагогтары, қала мектептерінің математика, физика және информатика пәндерінің педагогтары авторлық бағдарлама бойынша іс-тәжірибелерімен бөлісті.

Алғы сөз Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасының жалпы орта білім берудің мазмұны мен әдістеме бөлімінің басшысы Амангельдиева Асыл Аманкелдіқызына берілді.

Семинар барысында келесі мәселелер талқыланды:

  • Элективті курстар: түрлері, мақсаты, бағдарламасы;
  • Авторлық бағдарламаны әзірлеудегі ерекшеліктер;
  • 1-11 сыныптарға арналған  «Логикалық математика және ой дамыту» бағдарламасы;
  • 7 сыныпқа арналған “Алгебра әлемі” атты оқу кешені (бағдарлама, әдістеме, оқу құралы, жұмыс дәптері);
  • 10-11 сыныптарға арналған «Физикадан сараланған тапсырмалар орындау»;
  •  Физика есептерінің жинағы;
  • 5-7 сыныптарға арналған лицей компонентінде қолданылатын авторлық бағдарламалар.

Білім беруді жаңғырту орталығының әдіскерлері Каппасова Сандуғаш Елтайқызы және Жакупова Гүлнар Амангелдіқызы Нұр-Сұлтан қаласындағы жалпы білім беретін мектептердің физика, математика және информатика пәні мұғалімдерінің соңғы бес жыл ішінде инновациялық-педагогикалық жұмыстарын қарастыру бойынша қалалық оқу-әдістемелік Сараптамалық кеңестен өткен авторларының жұмыстарымен таныстырып өтті Білім беруді жаңғырту орталығының бөлім басшысы  Амирхамзина Райгуль Гильманқызы  педагогтардың өзекті мәселелерінің бірі  қалалық оқу әдістемелік кеңесіне педагогтердің авторлық әзірленімдерін ұсыну тәртібімен таныстырып шықты.

Жауап беру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.