«Елімнің еркіндігі – Тәуелсіздік» атты тарихи көріністер шеруі

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Білім беруді жаңғырту орталығы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасымен бірлескен жоспарға сәйкес Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында «Елімнің еркіндігі – Тәуелсіздік» атты тарихи көріністер шеруі болды.   Тарихи шеру  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»  бағдарламасының жалғасы ретінде «Ұлы Даланың жеті қыры» атты мақаласы желісінде өтті.   Мақалада аталған Ұлы даланың жеті қыры тарих сахнасында ойып тұрып өз орнын алған бастамалар, жаңалықтар мен оқиғалар. Сақ пен ғұнның ізі қалған, Алтын адам табылған, Ұлы Жібек жолы қиып өткен, Түркі əлемінің бесігі болған ол-Қазақ жері. Бұл осы киелі топырақта дүниеге келген əрбір перзенттің бойында мақтаныш сезімін ұялатады. Бізге бұйырған асыл мұрамызды жаңғырту, оны зерделеп, зерттеп тек Қазақ жерінде ғана емес, бүкіл төрткүл дүниеге паш ету біздің алдыға қойған мақсатымыз. Тарихи көріністер шеруіне №2, 14, 15, 37, 38, 52, 55, 64, 70, 74, 77,  82, 84, 85, 91  қала мектептерінің тарих пәні мұғалімдері мен оқушылары қатысты. Кеш соңында  «Үздік әдістемелік бірлестік», «Тәуелсіз елдің ұлағатты ұстаздары» атты қалалық байқаудың қорытындысы шығып, Диплом мен бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Жауап беру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.