«Елордалық білім» газеті мен «Астаналық әдістеме» журналы

Оқу мен тәрбие үдерісінде  тиімді тәсілдер мен әдістерін қарастыруда  мұғалімнің өз тәжірбиесін өзі зерттеп, жинақтау ісі – әрі қиын, әрі күрделі мәселелердің бірі. Мұғалім оқыту мен тәрбие әдістеріне байланысты басты мәселелерді таңдап алады да, олардың тиімділігін сабақтың немесе тәрбие жұмысының барысында бақылайды, терең зерттейді. Мұғалім әр сабақтың немесе тәрбие жұмысының өзіне тән ерекшелігін, әр түрлі әдістерді қолданудың тиімді жолдарын, оқыту мен тәрбие процесінде оқушылардың ынтасы мен таным қабілетін дамытуды шығармашылықпен іздестіреді. Озат тәжірибе жұмыстары жан-жақты қорытындыланып, талданып, жұмыстары, іс-тәжірибелері басылым беттерінде жариялануы да олардың өз іс-тәжірибелерін тарату болып табылады. Педагогтің тәжірибесіндегі жаңалық басқа педагогтерге үлгі болып, озат тәжірибесі таратылады.

14.01.2022 ж. күні Білім беруді жаңғырту орталығының  мерзімді баспасөз басылымдарына жазылу, педагогтердің инновациялық тәжірибесін жариялауда әдістемелік сүйемелдеу көрсетіп, бағыт-бағдар беру мақсатында «Педагогикалық тәжірибені насихаттау және тарату» тақырыбында қала мектептерінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған вебинар болып өтті.

Вебинарда БЖО әдіскері Жанар Сейтахметқызы орталықтан шығатын «Елордалық білім» газеті мен «Астаналық әдістеме» журналына жазылу, газет-журналға қабылданатын педагогтердің педагогикалық тәжірибелерін жариялау жолдары  туралы айтып өтсе, Білім беруді жаңғырту орталығының әдіскері Ергешбаев Жұмағали Измаханұлы «Мақала жазу шарттары» бойынша мақала түрлері, мақала құрылымы, мақала жазудағы тақырып таңдау, оның негіздемесі, негізгі фактілері және мәтінді жазу жолдары туралы жан-жақты көмек берді. Республикалық “Білім айнасы” газетінің негізін салушы  Қуантай Амантайұлы «БАҚ және БІЛІМ» тақырып бойынша қазіргі кезде педагогтердің баспасөз ақпарат құралдарында қандай мәселелер көтеріліп жүргені, тиімділігі, сонымен бірге педагогтер газет-журналдарға тағы қандай жұмыс түрлерін жариялай алатындықтары жөнінде ақпарат берді.

Жауап беру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.