«Энергиямен қамтамасыз ету» бағыты бойынша оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлерінің тағылымдамадан өтуі

2021жылғы 20 қыркүйек пен 01қазан аралығында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Білім беруді жаңғырту орталығы» МКҚК, Нұр-Сұлтан қаласының Кәсіпкерлер палатасы және «Электр энергетиктер қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі арасында үш жақты Меморамдум аясында елордалық ТжКББ «Энергиямен қамтамасыз ету» мамандығының арнайы пәндер оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлері кәсіпорындағы тағлымдамадан өтті.

Тағылымдама бағдарламасы студенттердің кәсіби оқыту модульдеріне сәйкес энергиямен қамтамасыз ету және коммуникация саласынның қазіргі даму тенденциясын теориялық және практикалық зерттеу қарастырылған.

Қаланың электрмен қамтамасыз ету обьктілерінде колледждердің оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлері «RTDServise» ЖШС, «ENERGYServis» ЖШС, Астана электротехникалық зауыты, «Siemens» ЖШС,  «Simatic» ЖШС, АСТАНАСТРОЙДОМ ұйымдарында өндірістің экономикасымен, заманауи жабдықтар жұмысымен, микропроцессорлық электроника саласындағы бағдарламалаумен  танысты.

«Электр энергетиктер қауымдастығы» ЗТБ төрағасы А.Б. Тлеевтың басшылығымен 28-30 қыркүйек аралығында Павлодар қаласында өткен KazIntePower-2021 ІХ халықаралық жабдықтар мен технологиялар көрмесіне қатысты.

Әлеуметтік серіктестер, Кәсіпкерлер палатасы және Нұр-Сұлтан қаласының Білім беруді жаңғырту орталығы өкілдерімен тағылымдамадан кейін дөңгелек үстел өткізді және сертификаттар табыс етілді.

«ASTANA POLYTECHNIC» жоғары колледжі, Жоғары көлік және коммуникация, Инженерлік-экономикалық, Басқару, «Қазақ көлік және коммуникация академиясы» АҚ Ақмола колледждерінің стажер-педагогтері өндірістік тағылымдаманы ұйымдастырудың жоғары кәсіби деңгейін, қысқа мерзімде энергиямен қамтамасыз ету саласындағы инновациялармен танысуға және кәсіби деңгейді көтеруге мүмкіндік бергені үшін алғыс білдірді.

Leave a Reply