Ерекше білім беру қажеттілігі бар балалалардың …

Білім беру ұйымдары мен ата – аналардың ЕББҚ баланы әлеуметтендіру тұрғысынан өзара әрекеттесуі жан-жақты және көп деңгейлі процесс болып табылады. Баланы әлеуметтендіруде педагогтер мен ата-аналар серіктес, үнемі кері байланыста болып, ата-аналармен бірлесе жұмыс істеуі керек.

Осыған орай, 2022 жылдың 26 сәуірі күні Нұр-Сұлтан қаласының Білім беруді жаңғырту орталығының жұмыс жоспарына сәйкес педагогикалық іс-тәжірибені тарату мақсатында №25 «Таңшолпан» балабақшасы» МКҚК қалалық семинар өтті.

Семинар тақырыбы: «Ерекше білім беру қажеттілігі бар балалалардың ата –  аналары мен педагогтер арасындағы өзара байланыстың этикалық және кәсіби аспектілері».

Семинарға қатысушылар – педагогтер, Нұр-Сұлтан қаласының мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының тәрбиешілері.

Семинар теориялық және практикалық блоктан тұрды. Жұмыс барысында келесі тақырыптар қарастырылды:

1) «Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалалардың ата-аналарымен және педагогтермен жұмыс түрлері және бағыттары»;

2) «Мандала – бала санасының кілті» (интеллекті бұзылған балалалар тобы);

3) «Бірге дамимыз» (ПДТ балалар тобы);

4) Жеке – түзету сабағы «Ана мен бала» (инклюзивті топ)

5) «Мектеп – тең мүмкіндіктерді дамыту аумағы». Ата-ана Э.Алматова үй жағдайында баламен жұмыс жасау тәжірибесімен бөлісіп, балабақшада алған білімдерін қалай бекітетіні туралы айтып,  түзету жаттығуларына арналған қолында бар материалдарды көрсетті.

Жауап беру