«Ерекше білім беруді қажет ететін балалармен жүргізілетін кешенді түзете-дамыту жұмыстарының ерекшіліктері» тақырыбында  қалалық семинар-практикум өтті

2022 жылғы 25  ақпанда №8 мектеп-гимназиясы базасында Нұрсұлтан қаласының білім беруді жаңғырту орталығының ұйымдастыруымен офлайн форматта «Ерекше білім беруді қажет ететін балалармен жүргізілетін кешенді түзете-дамыту жұмыстарының ерекшіліктері» тақырыбында қалалық семинар өтті.

Мақсаты: психологиялық-педагогикалық түзете білім беру жағдайында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқытатын  педагогтерге әдістемелік көмек көрсету, тәжірибе алмасу.

Аталған іс-шараға мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының арнайы педагогтері, ППТК мамандары  қатысты.

Семинар барысында:

  • «Добрый день, Мое гордое – имя» тренингі;
  • Ерекше білім беруді қажет ететін балалармен түзету сабақтарында жүргізілетін саусақ жаттығуларының рөлі;  
  • Ерекше білім беруді қажет ететін балалармен логопед маманының түзету сабақтарында ойын арқылы дыбыстарды машықтандыру;
  • Ерекше білім беруді қажет ететін балалармен түзету сабақтарында АВА – терапия элементерін қолдану;  
  • Ерекше білім беруді қажет ететін балалармен түзету сабақтарында нейротренажерды қолдану тақырыптарында педагогтер өз іс- тәжірибелерімен бөлісті.

Семинар соңында  «Радуга настроения» жапон әдет-ғұрыптарын қолдана отыра  рефлексия ұйымдастырылды, сонымен қатар сұрақтарға жауаптар беріліп, алдағы уақытта ынтымақтастықта жұмыс істеу  үшін ұсыныстар ұсынылды.

Жауап беру