«Ерекше білім беруді қажет ететін оқушыларды сүйемелдеу» тақырыбында қалалық семинар-практикум өтті

2022 жылғы 16 ақпан күні Нұр-Сұлтан қаласы Білім беруді жаңғырту орталығының ұйымдастыруымен №2 арнайы мектепте  ерекше білім беруді қажет ететін балаларды оқыту, тәрбиелеу саласында жұмыс істейтін педагогтермен тәжірибе алмасу, оқушыларға көмек және қолдау көрсету мақсатында қалалық семинар-практикум өтті.

Іс-шараға қала мектептерінің педагог-ассистентері мен арнайы мектеп тәрбиешілері қатысты.

Семинар спикерлері семинарға қатысушылар мен тыңдаушыларға зиятында бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы мектептегі тәрбиешілер жұмысының ерекшеліктерімен, еңбекке баулу және әлеуметтік бағдарлау сабақтарында оқушыларды сүйемелдеу, құжаттаманы жүргізу әдістері мен тәсілдерімен таныстырды және тәрбиешінің ата-аналармен жұмысының ерекшеліктерін теория мен практикамен ұштастыра отырып  көрсетті.

Семинар қатысушылары сабақтарға қатысып, тәрбиешінің  сабақ барысында ерекше білім беруді қажет ететін балаларға көмек көрсету және қолдау бойынша атқарылатын  іс-әрекеттерін бақылады.

Жауап беру