Ерекше білім беруге қажеттіліктері . . .

Білім беруді жаңғырту орталығы және «№2 Оңалту орталығы» КММ бірлесе отырып ерекше білім беруге қажеттіліктері бар балалармен жұмыс істейтін бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған семинар-практикум  ұйымдастырды.

Тақырыбы: «Ерекше білім беруге қажеттіліктері бар балалармен түзету-дамыту жұмыстарына кешенді нейропсихологиялық көзқарас».

Негізгі мақсаты: жалпы білім беретін мектеп мұғалімдеріне ерекше балалармен жұмыс істеу ерекшеліктері туралы ақпарат беру.

Семинарда ерекше білім беруді қажет ететін балаларды оқыту мен тәрбиелеудің өзекті мәселелер:

– жұмыс жасауда қолданылатын заманауи құралдар;

– нейропсихологиялық коррекцияны ұйымдастырудың әдістері мен тәсілдері;

– ерекше білім беруді қажет ететін балалардың ата-аналарымен бірлескен жұмыс түрлері қарастырылды.

Жауап беру