ESTEL компаниясының HAUTE COUTURE стиль мектебі

2021 жылдың 29 қыркүйегінде Нұр-Сұлтан қаласының ESTEL компаниясының HAUTE COUTURE стиль мектебі базасында (Нұр-Сұлтан қаласы, Бөгенбай батыр, 56А) өндірістік шеберлерге және «Шаштараз өнері және сәндік косметика» мамандығы бойынша колледж студенттеріне арналған «Шаштараз өнерінің заманауи трендтері» атты шебер-сынып өтті.

Нұр-Сұлтан және Қарағанды қалаларының HAUTE COUTURE стиль мектебінің басшысы  Е. С. Найко сән тенденцияларымен таныстырды.

 HAUTE COUTURE стиль мектебінің меңгерушісі Н. В. Приб стиль мектебінің жұмыс форматы және оқыту модульдері туралы, сонымен қатар еңбек жолын жаңа бастаған шеберлерге және колледж оқытушыларына арналған жеке оқыту жоспары туралы айтты.

Шебер-сыныпта ESTEL professional брендінің технологтары З. Жабраилова және А. Алмухамбетова шашты креативті бояумен және қажетті бояу бояғыштар палитрасына қол жеткізуді, сәндеу, шаш үлгісі мен шаш қию құпияларымен бөлісті.

«Шаштараз өнері және сәндік косметика» мамандығы бойынша студенттерді дайындаудағы көп жылдық тәжірибиелерімен Технологиялық колледжі директордың орынбасары Л. Ш. Бережная және Менеджмент, бизнес және білім беру колледжінің арнайы пәндер оқытушылары А. С. Казакбаева мен
Ж. М.Умбетбаева Wordskills стандарттарын қолдана отырып демоемтиханды өткізу ерекшеліктері туралы айтып берді.

Шебер-сыныпқа қатысушыларға Нұр-Сұлтан қаласының Білім беруді жаңғырту орталығының сертификаттары және ұйымдастырушыларға  Алғыс хат берілді.

Leave a Reply