«Этноспорт ойындары» эксперимент алаңының қорытынды есебі бойынша республикалық тәжірибе алмасу семинары

2022 жылдың 25 ақпанында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№24 орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мемекесінде «Этноспорт ойындары» эксперимент алаңының қорытынды есебі бойынша республикалық тәжірибе алмасу семинары өткізілді. Семинарға Нұр-Сұлтан қаласының Білім беруді жаңғырту орталығы Инновация бөлімінің басшысы Шайжанов Муханбет Калиевич, Инновация бөлімінің әдіскері Тенисбаева Алтынай Болатбековна, Нұр-Сұлтан  қаласы әкімдігінің «Өркен» жасөспірімдер және дене тәрбиесі орталығының директоры Тяженов Нұрлан Ескендірұлы, Республикалық «Асық ату» федерациясының Вице-президенті Сабыржанов Жомарт Сабыржанович, Дүние жүзілік тоғызқұмалақ қауымдастығының хатшысы – Шотаев Мақсат Есенбекұлы және республикадан, қала мектептерінен дене тәрбиесі пәнінің оқытушылары қатысты.

Семинар мақсаты: Этноспорт ойындарының әдіс–тәсілдерін жаңаша, тиімді түрде жүргізу бойынша өзара әріптестік іс-тәжірибе алмасу, ұлттық ойындарымызды насихаттау, эксперимент алаңының жұмыс қорытындысымен таныстыру. 

         ЭА жұмысын сапалы жүргізу үшін Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Білім беруді жаңғырту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесімен, НұрСұлтан қаласы әкімдігінің «Өркен» балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталығымен, Әл-Фараби атындағы оқушылар сарайы «Шұғыла» комьюнити орталығымен, №7 жасөспірімдер мен балаларға арналған спорт мектебімен, Дүние жүзілік тоғызқұмалақ қауымдастығымен, Республикалық «Асық ату» федерациясымен бірлесе отырып, жүйелі жұмыс жүргізгенін атап өтті.

ЭА жұмысының нәтижесінде алған  білімдерін нақты өмірде қолдана отырып, спорт және әскери қызмет саласындағы мамандықтардың талаптарын еркін игерген тұлға қалыптасуға мүмкіндік жасаған. Этноспорт ойындары арқылы халқымыздың тарихын, мәдениетін әлемге  танытуға мүмкіндік алған. Оқушылары республикалық, халықаралық деңгейдегі турнирлерге қатысып, нәтиже көрсеткен. Сондай-ақ ЭА жұмысы бойынша 1 республикалық, 2 қалалық семинар, 1 қалалық вебинар, 3 мектепаралық семинар өткізілген. Өткізілген іс-шаралардың нәтижелері газет-журнал беттерінде («Ұлы дала ұстазы» журналы, №10. қазан, 2020 ж., «Білім» газеті,  №11-12. 2020 ж., «Елордалық білім» газеті, №5. 29.12.2020 ж.), әлеуметтік желілерде жарық көрген. Эксперимент алаңының 3 жылдық жұмыс нәтижесінде оқушылар біршама жетістіктерге ие болған. Олар: Халықаралық – 5, Республикалық – 22, қалалық – 52, аудандық – 19. Сонымен қатар жүргізілген диагностикалық сауалнама нәтижесінде 16 оқушы спорт және әскери мамандықты таңдауға бағыт-бағдар алғандығын көрсеткен.

Жауап беру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.